120
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Сондықтан күнә істерден сақ болу зәрулігі тағы бар.
Расында, тағы бір хадис шәрифте былай айтылады:
«Құл бір күнә істесе, жүрегінде бір қара дақ пайда
болады. Егер шын жүрекпен тәубеге келіп, кешірім
сұраса сол қара дақ жоғалады, әйтпесе сол дақ әбден
орнығып алады. Кейін тағы бір күнә істесе, тағы бір
дақ пайда болады да, аяғында жүрегі қап-қара бір халге
жетеді».
2
Мұндай адамдардың жүрегіне хақ сөз тәухид
кәлимасы әсер етпейді. Ондай болса адамның жүрегін
күйрететін төрт нәрседен сақ болу қажет:
1. Ақымақтармен таласу,
2. Күнәлардың көп болуы,
3. Намахрем
3
әйелдермен үнемі араласып, олармен
қоян-қолтық болу,
4. Жүрегі өлі адамдармен бірге болу.
Шайтанның ең үлкен арманы көңілге маза бермеу.
Егер жүрек зікірмен шұғылданса, шайтан оған жақын-
дай алмайды, бұл Шайтанның күйреуі. Бірақ керісінше
болып, жүрек Аллаһты зікір етуден алыстаса, Шайтан
оның мазасын оп-оңай қашырады.
Сондықтан аят кәримде былай айтылады:
АРАПШАСЫ
«Иман келтіргендердің Аллаһты зікір етуден және
ОдантүскенҚұраннанжүректерініңелжірейтінуақыты
әлі келмеді ме?»
(Хадид сүресі, 16-аят)
Зікірден алыс болып, нәпсісіне жеңілген адам,
балшыққа түскен асыл тас сияқты. Нәпсімен күресу
– құлдың балшыққа былғану сияқты жамандықтардан
өзін тазартып, жан дүниесінің төріндегі гауһарды
жарыққа шығаруы десек болады. Мұндай дәрежеде
көңілін тазартқандарға иләһи назар шағылысады.
Аллаһ Тағала былай айтады: