128
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Екінші бөлімін құрайтын «Мухаммәдун Расулуллаһ»
деген куәлік болса шынайы құлшылықтың іске асуы
үшін Хазреті Пайғамбардың (с.а.у.) ізінен жүру деген
мағынаға келеді.
Тәухид кәлимасынң жүректе орын табуы үшін осы
ережелерді орындау өте қажет:
1. Жүректің Раббысымен бірге болуы.
Бұл тек қана Аллаһты зікір етумен мүмкін. Аят
кәримде:
«Жүректер тек қана Аллаһты еске алумен орнығып
тынышталады емес пе?»
(Рағд сүресі, 28-аят), – деп
айтылған.
Жүрек деген жалғыз ғана материалдық бір дүние
емес, яғни бір ет бөлшегінен ғана тұрмайды. Ол сезу
қабілетінің орталығы. Аят кәримдегі еске алуАллаһтың
есімін тек қана тілмен айтып қайталау емес, ол сүйген
адамның өз сүйіктісін махаббатпен есіне алып айтуы
және көңілдің Аллаһқа ынтық болуы. Жүрек сонда
ғана орнығады, өзінің шынайы сипатын тауып Аллаһ
Тағаласын табу жолында мақсатына жақындайды.
2. Аллаһ Расуліне көңілдегі махаббаттың көбейуі
және мұның нәтижесінде жақсылыққа махаббат пен
жамандықты жек көрудің пайда болуы.
Салиқалы мүмин бола білу үшін махаббат өте
қажет. Махаббат нәтижесінде ғибадаттар мен жақсы
мінез, ләззат сыйлайтын халге келеді. Әлемге қарау,
тамашалау тәсілі өзгереді. Адам баласы шебер бір
суретшінің сызған суретіне таң қалып, қайрандықпен
қарап қалады да, бір күнде жиырма төрт сағат бойына
көзінің алдына әр секунд өзгертіліп сызылған көрікті
тамашалардан, сызып тұрған құдірет қылқаламынан,
* Ислам терминологиясы бойынша қиямет-қайымда адамның жақсы
және жаман істері өлшенетін таразы.