Previous Page  108 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 298 Next Page
Page Background

108

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

бастайды. Жаман әрі қабілетсіз адамдар сый-құрметке

бөленеді де, билік соларда болады.

8. Құмар, балгерлік және ойын құралдары көбейіп,

халықтың назарын босатпай тартады, уақыттың қалай

өтіп кеткені сезілмейді.

9. Ысырап көбейеді, дүние мал-мүлкі және мүддесі

ақірет бақытынан артық көрілетін күйге түседі.

ә. Үлкен белгілері

1. Қырық күндей болатын бір тұман пайда болады.

2. Дәжжалдың (тажал) шығуы.

3. Дәббәтул-ард делінетін бір хайуанның пайда

болуы.

4. Күннің батыстан тууы.

5. Яжуж бен Мәжүждің дүниені басып кетуі.

6. Хазіреті Исаның жер бетіне түсуі.

7. Хижазда (Арабия аймағы) күшті бір оттың пайда

болуы.

8. Шығыс, батыс және Араб жартыаралынан үш

өлкенің батып кетуі.

Қияметтің басталуы Исрафил (ғаләйһиссәләм)нің

Сурға үрлеуімен болады және қайтадан тірілу де Сурға

екінші рет үрлеумен іске асады. Аят кәримде былай

айтылады:

«Сурға үрленгенде, Аллаһтың қалағандарынан

басқа көктерде және жердегілердің барлығы құлап

өледі. Кейін Сурға тағы бір рет үрленгенде, олар дереу

түрегеледі де, қарап қалады».

(Зүмәр сүресі, 68-аят)

Діни әдебиеттерде Сурға үрленуі кезінде кезегімен

осы үш мезгілдің болатыны баяндалады.

*

Қазақтар өлген біреу үшін «қаза тапты» дейді. Міне, осы сөз ата-

бабаларымыздың қандай күшті мұсылман болғанын көрсетеді.

Әзәлда өлетін уақыты белгіленген адам өлген кезде оған қаза тапты

деп айтылады.