Previous Page  104 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 298 Next Page
Page Background

104

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

махшар жеріне келеді.

Сол күні адамдардың қайтадан тірілтілуі жоқтан бар

етуші болған Хаққ Тағала үшін өте оңай жағдай. Аллаһ

Тағала аят кәримде осы жағдайға байланысты былай

дейді:

«Адам баласы былай дейді: «Мен өлгенде қайтадан

тірілтіліп (қабірімнен) шығарылам ба?»Адамзат

бұрын түкке тұрғысыз нәрсе болып тұрған кезде де оны

жаратқанымызды ойламайды ма?»

(Мәриәм сүресі, 66-

67 аяттар)

«Адам баласы Біз олардың сүйектерін бір араға

қайта жинай алмайды деп ойлайды ма? Әлбетте,

оны саусақтарының ұшына дейін қайтадан қалпына

келтіруге Біздің күшіміз жетеді!»

(Қиямет сүресі, 3-4

аяттар)

«Адам баласы көрмей ме, біз оны бір тамшы судан

жараттық. Ол сонда да бізге ашық түрде қастық

көрсетеді. Өз жаратылысын ұмыта, бізге қарсы мысал

келтіруге тырысып: «Осы шіріп кеткен сүйектерді кім

тірілтеді?» -дейді».

«(

Оларға

) Айт: Оларды алғаш Жаратқан тірілтеді.

Өйткені Ол жаратудың барлық түрін өте жақсы біледі.

Жасыл ағаштан сендер үшін от шығарған Ол. Сендер

содан от жағып, пайдаланасыңдар. Көктерді және

жерді жаратқан Аллаһтың, соларға ұқсасын жаратуға

құдіретіжетпейдіме?Әлбеттекүшіжетеді.Олбарлығын

Жаратушы, толық Білуші».

«Ол бір нәрсе жаратуды қаласа, тек «Бол!» деп

айтады, сонда ол дереу бола салады. Барлық нәрсенің

билігі қолында тұрған Аллаһ қандай да кемшіліктен

пәк. Сендер де Оған қайта қайтарыласыңдар».

(Ясин

сүресі, 77-83 аяттар)

«Ол өліден тірі, тіріден өлі шығарады. Жер бетін де

өлгеннен кейін Ол қайта жандандырады. Міне, сендер