Previous Page  101 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 298 Next Page
Page Background

101

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

де мәртебелері мен орындары өте жоғары. Аллаһ Тағала

айтады:

«КімАллаһқажәнеПайғамбарынамойынсұнсаміне,

солар, Аллаһ нығметіне бөлендірген пайғамбарлар,

сыддиқтар (шын жүрекпен қабылдағандар), шейіттер

және салиқалы кісілермен бірге болады. Бұлар нендей

жақсы жолдас!»

(Ниса сүресі, 69-аят)

Ал осыжағдайға қарама-қарсы беткейде өмір сүрген-

дер екі дүниенің бақытсызы болып, мәңгілік зиянда

қалады:

«...Жер бетін кезіңдер де пайғамбарларды өтірікке

шығарушылардың ақыры не болғанын көріңдер!»

(Нахл, 36-аят)

«...Кім

Аллаһты,

періштелерін,

кітаптарын,

пайғамбарларын және қиямет күнін қабылдамаса, ол

мүлде азғындаған адам».

(Ниса сүресі, 136-аят)

Расында, тарихта дүниенің фәни жылтырақтарына,

әшекейлеріне алданған талай ғапылдар пайғамбарлар

ашқан нұрлы көкжиектерден ажырап, мәңгілік

бақытсыздықтың қорқынышты шырмауына түскен.

Өз қоғамдарының қирауына да себеп болған олар,

бақытсыздықты бақыт деп ойлау қателігін істеген,

жаратылу хикметін және сырларын аңғара алмай,

хайуандар сияқты өмір сүрген, аяғында иләһи азапқа

ұшырап жойылған болатын.

Өткен ғасырлардан келешекке дейін сансыз иләһи

ишарат, тәблиғ және ескертулерге қарамастан, иман-

сыздықта табандылық көрсеткен осындай ғапылдар

туралы Аллаһ Тағала былай айтады:

«...Иланбаған

қауым,

мейірімнен

аулақ

болсын!»

(Муминун сүресі, 44-аят)

Сөздің

қысқасы,

пайғамбарлардың

барлығы

Уахданиәт(Аллаһтыңбірболуы)негізібойыншаадамзат-

қа көсемдік атқарған мүбарак кісілер. Әсіресе Құранда