97
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Хазреті Пайғамбарға (с.а.у.) қатысты үш үлкен сипат
тағы бар:
1. Пайғамбар (с.а.у.) Хабибұллаһ, яғни Аллаһтың
ең сүйікті құлы. Бүкіл пайғамбарлардың ең абзалы
және Ол адамзаттың ең жоғары мәртебелісі.
2. Ол бүкіл адамзат пен жындарға жіберілген.
Әкелген діні қияметке дейін жалғасады. Ал одан
басқа пайғамбарлар белгілі бір уақытқа және белгілі
бір қауымға ғана жіберілген болатын. Сондықтан әр
пайғамбардың мұғжизасы өз дәуірімен шектелген, ал
Хазреті Пайғамбардың (с.а.у.) мұғжизасы қияметке
дейінгі бүкіл дәуірлерді қамтиды. Әсіресе Құран Кәрім
Оған берілген ең үлкен мұғжиза болып, қияметке дейін
күшін жоғалтпай жалғасады.
3. Хатемүл-Әнбия, яғни ол пайғамбарлардың ең
соңғысы. Сондай-ақ Хазреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Адам су мен топырақтың арасында болған сәтте
мен нәби(пайғамбар) едім».
1
деген өз баяны бойынша
адамзат және жын әлеміне пайғамбар болып жіберілуде
ең соңғы кезекте болғанымен жаратылысы жағынан ең
«алғашқы» орында.
Бұлардан басқа Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)ға
қиямет күнінде «мақаман махмуд»
2
және «шәфәғат
ғузма» мәртебелері сыйланған. Сондықтан ол рахым
пайғамбары махшарда үмбетінің күнәһарларына
шапағат етеді және осы шапағаты қабылданады. Аят
кәримде:
«...Егероларөздерінекесіржасағанкездесағанкеліп,
Аллаһтан жарылқану сұраса және Пайғамбар олар
үшінкешірімсұраса,Аллаһтытәубені өтеқабылдаушы,
ерекше мейірімді күйде табар еді».(
Ниса сүресі, 64-аят)
түрінде баяндалған ақиқат та Хазреті Пайғамбардың
(с.а.у.) үмбетінің ғапу етілуі жайында шапағат етуінің
және кешірім сұрауының қаншалықты маңызды және