Previous Page  95 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 298 Next Page
Page Background

95

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

еді. Сол кезде мүшриктер Пайғамбарымызды өлтіргелі

жүргені мәлім. Расулуллаһ (с.а.у.) сонда да Хазіреті

Әлиді Меккеде қалдырып, аманаттарды иелеріне

табыстауды адамдық борышым деп білген еді.

Фатанет

: Пайғамбарлар адамзат арасында барлық

жағынан әсіресе ақылдылық және парасаттылық

жағынан ең үстемдері. Олар күшті бір жадыға,

ұлыпарасаттылыққа және көндіру қабілетіне ие. Бұл

ерекшелік бүкіл пайғамбарларда түрлі түрде көрініс

тапқан. Ал Хазреті Пайғамбардың (с.а.у.) бүкіл өмірі

осының көрсеткіштеріне толы өткен.

Ол пайғамбар болып жіберілгеннен бұрын аққан

селден зиян көрген Қағба Меккедегі рулар тарапынан

өңделіп, жөнделген кезі еді. Бірақ Қағбадағы қара

тасты орнына қою мәселесіне келген кезде әркімнің осы

киелі міндетке талапкер болуының себебінен рулардың

арасында талас пайда болды. Талас төбелеске және қан

төгуге кетіп бара жатқанда іштерінен біреуі:

-Таласты қойыңдар! Бұл мәселені өзара шеше

алмадық, Харам есігінен алғаш кірген кісіні төреші

қылайық та, ол беретін шешімге разы болайық! – деп

ұсыныс жасайды.

Дәл сол кезде есік босағасында Расулулланың пәк

дидары көріні. Оны көргендердің бәрі қуаныпкетті.

Өйткені келген кісі Мұхаммед әл-Әмин, яғни сенімді

Мұхаммед еді.

Мәселе оған түсіндірілгенде Ол әр рудан бір кісі

сайладыдаөзіридасын

1

шешіп,жергежайды.Оданкейін

қара тасты ридасына қойдырып, сайлаған кісілерге

әр шетінен ұстатқыза отырып қасиетті тасты жұмыла

көтеріп апарған соң мүбарак тасты өз қолымен орнына

қойды. Осыменен теңдессіз ақыл және тапқырлықтың

берекесімен рулар арасында болып қалатын төбелесті

бөгеген болды.