96
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Және Оның Ислам жолындағы соғыстарда қабілетті
болуы, татулық келіссөздеріне, әсіресе Худәйбияда
бой көрсеткен парасаттылығы, Меккенің алынуында,
Хунәйінде, Тайфте орындағантөтенше тәсілменәділетті
парасаттылығы ұлы деңгейде болған еді.
Тәблиғ
: Пайғамбарлар иләһи бұйрықтарды тұп-
тура бұйырылғаны бойынша адамдарға білдіреді. Олар
тәблиғдерінде өз жадынан бірдеңе қосып, кемітпейді.
Исмет
: Пайғамбарларжасырынжәне әшкере болсын,
әр түрлі күнәдан, қылмыстан аулақ. Бірақ олар да
әлсіз жаралған адам баласы болғандықтан кейде кіші-
гірім қателіктерге бой алдыратын кездері болады.
Пайғамбарлардың ондай қателігін «зәлле» деп атайды.
Одан өзге олар ешуақытта үлкен күнәлар жасамайды.
ОндайадамдардыАллаТағалапайғамбарлыққатаңдамас
та еді. Өйткені олар үлгі бола алатын әрекеттер жасауға
міндеттелген. Егер олар періштедей күнәсіз пәк болған
жағдайда адамдар «пайғамбарлардың істегендері біздің
шама-шарқымыз жетпейтіндей дәрежеде» – деп иләһи
әмірлер мен тыйымдарды орындамауға сылтау үстіне
сылтау іздер еді. Осындай оймен пайғамбарлардың
періште болуы керек деп пайымдайтын ғапылдар да
болған және бұларға аят кәримде былай деп жауап
беріледі:
«(Оларға)
Айт: Егер жер бетін басып жүргендер
періште болса, сөзсіз біз онда оларға көктен пайғамбар
қылып періште жіберер едік».
(Исра сүресі, 95-аят)
«
Біз оларды (
пайғамбарларды
) жеп ішпейтін жан
(
періште
) қылыпжаратпадық. Олар (
бұл дүниеде
) мәңгі
жасамақ та емес».
(Әнбия сүресі, 8-аят)
`
Пайғамбарлардың осы бес сипатынан басқа тек қана
*Мақам-ымахмұд: мадақталған мәртебедегі; шәфаат узма:Шапағаты
үлкен