91
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
жауапкершіліктің кәміл түрде орындалуы үшін Аллаһ
Тағала Жаннатқа алатынына кепілдеме бергенімен,
пайғамбарларында тәблиғміндетіменжауапкерқылып,
екі жақтың да ақіретте есепке тартылатынын білдірген.
Аят кәримде бұл былай баяндалады:
«
Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілген адамдарды
сұраққа тартатынымыздайжіберілген пайғамбарларға
да сөзсіз сұрақ қоямыз».
(Ағраф сүресі, 6-аят)
Міне, осы жауапкершіліктің сезімімен Хазреті
Пайғамбар
(с.а.у.) қоштасу құтпасында
1
жүз мыңдаған
сахабаларынан былай деп сұрады:
-Ей, көпшілік!Ертең(ақіретте)ментуралысендер-
ден сұралады, не деп айтасыңдар?
Бүкіл қадірменді сахаба:
-Аллаһтың
елшісі
міндетін
орындадың;
пайғамбарлықты атқардың, біздерді өсиет айтып
үгіттедің!- деп куәлік береміз!» – деді.
Бұл куәліктен кейін жаратылғандар нұры ардақты
Пайғамбар (с.а.у.) дінді тәблиғ етіп таратқанына
қатысты:
- Сахабаларым! Тәблиғ еттім бе? Тәблиғ еттім бе?
Тәблиғ еттім бе?..
- деп үш рет олардың куәлігін бекітіп алған, соң
қолын көкке қарай жайып Аллаһ Тағаланың куәлігін
сұрады:
- Куә бол, уа Раббым! Куә бол, уа Раббым! Куә бол, уа
Раббым!..
1
Әр қауымға бір пайғамбар жіберілгендіктен пайғам-
барлар есімдері Құран Кәрімде аталған пайғамбар-
лардан ғана тұрмайды. Хаққ Тағала айтады:
«Пайғамбарлардың бір бөлігінен бұдан бұрын саған
хабар бердік, ал бір бөлігі жайында хабар бермедік».
(Ниса сүресі сүресі, 164-аят)