Previous Page  88 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 298 Next Page
Page Background

88

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

кітаптар Аллаһ Тағаланың кәләм сипатының адамзат

түсінігіне шағылысуы. Сондықтан әрбіреуі берген

нұсқауларымен қатар, айрықша бір кәләм мұғжизасы.

ИләһикітаптардыңсоңғысыболытүскенҚұранКәрім

өзінен бұрын келген кітаптардың барлығының күшін

жояды. Негізінде өтіп бара жатқан уақыт және үнемі

өзгеріп, дамып отыратын адамдық қажеттіліктерге

сай иләһи үкімдер жаңарып отыруға қажеттілік

танытса, сонымен қатар өз ғапылдықтары мен нәпсі

бейімділіктеріне құл болғандардың килігу жасап

өзгертулері де мұны қажетті халге жеткізген. Сонымен

бірге келген әрбір иләһи парақтағы және кітаптағы

негіздер, яғни сенім жүйесі бірдей.

«Аспандық» деп те аталатын бұл кітаптардың ең

белгілі ерекшелігі, айырмашылығы шүбәсіз иләһи

уахиға сүйенулері. Бірақ қазіргі кезде бұл ерекшелік

Құран Кәрімге ғана қатысты жағдай. Өйткені басқа

иләһи кітаптар пайғамбарлары өмірден өткеннен кейін

адамдар тарапынанүлкенкилігуге ұшырап, ақырыадам

жазған кітап сияқты болып қалған. Негізінде, Құран

Кәрімнің жіберілуіне осы жағдай үлкен себеп ролін

ойнаған. Мұнымен қатар иләһи кітаптардың ең соңғысы

болып түсірілген Құран Кәрім иләһи кітаптардың

барлығын қамтиды, әрі олардың арасындағы ең кәмілі.

Соңғы болуының себебінен тікелей Аллаһ Тағаланың

қорғауында. Ол қияметке дейін үкімін жүргізетін өз

Кітабын былайша таныстырады:

«Егер құлымызға түсіргенімізден қандай да бір

күмәндарың болса, қанеки, соған ұқсас бір сүре

келтіріңдер, егер сөздеріңе бекем болсаңдар Аллаһтан

басқа куәгерлеріңді де шақырыңдар».

(Бақара сүресі,

23-аят)

Осы тасталған ұранмен Құран Кәрім бүкіл адамзатты