83
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Басқа істі сипаттары да тәкуин сипатының ішінде;
Мүмит(өлтіруші), Мухий(тірілтуші), Раззақ(ризық
беруші) және т.б.
Көркем аяттарда былай баяндалады:
«Аллаһ, жаратқандарының барлығын көркем етті
және ең алдымен адамдыбалшықтанжаратты».
(Сәжде
сүресі, 7-аят)
«Ол жердегінің бәрін сендер үшін жаратқан. Кейін
(өзіне ғана тән түрде) аспанға жөнелді, соны жеті қабат
етіп жаратып, тәртіпке келтірді. Ол әр нәрсені толық
білуші».
(Бақара сүресі, 29-аят)
«Жасыл ағаштан сендер үшін от шығарған Ол.
Сендер ол отты жағып, пайдаланасыңдар».
(Ясин
сүресі, 80-аят)
«Олар Аллаһ жаратқан нәрселердің көлеңкелерінің
оңжаққа да солжаққа да ауытқып, мойын иіпАллаһқа
сәжде
1
еткендерін көрмейді ме?»
(Нахл сүресі, 48-аят)
Тәкуин сипатының басқа иләһи сипаттардан айыр-
машылығы бар. Хаққ Тағалада ғылым сипатымен
жаратылатыннәрсетуралымәлімет,оныңерекшеліктері
айқындалады. Құдірет сипатымен махлұқаттың бар
немесе жоқ етілулері пайда болады. Ираде яғни ерік
сипатымен де бар ету немесежоқ етудің біреуі қаланады.
Міне, бұл қалаудан кейін қалағанды жаратуға тікелей
ықпал ететін сипат – тәкуин сипаты.
Әлемнің сырлары тәкуин сипатында жасырылған.
Сондықтан жаратылған әр нәрсе молекуласына дейін
Аллаһ Тағалаға куәлік береді.
`
Сөздің қысқасы, Аллаһ Тағаланың құлдары тарапы-
нан білініп, танылуы негізінде осы сипаттар арқылы
ғана мүмкін. Біз түсіндірген бұл сипаттар және басқа
тәңірлік сипаттар бөлек-бөлек заман және мекен
шарттарына қарай емес әрдайым, Хаққ Тағаланың