Previous Page  80 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 298 Next Page
Page Background

80

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

махлұқатқа білдіреді. Негізінде, Оның бір нәрсені

жаратуы да «Бол!» бұйрығымен іске асатындықтан,

жалпы алғанда жаратудың өзі Аллаһтың кәләм сипаты

арқылы пайда болған.

Бүкіл иләһи кітаптар кәләм сипаты арқылы

көрініс тапқан. Бұл кітаптардың пайғамбарларға

жіберілуіндегі уахилер көбінесе періште арқылы, кейде

перде артынан естілген дауыс болып келген. Бұл Аллаһ

Тағаламен тікелей сөйлесу сияқты. Аят кәримде былай

баяндалады:

«Аллаһ адаммен тек қана уахи арқылы немесе

перденің ар жағынан сөйлеседі немесе бір елші жіберіп

рұқсатымен оған қалағанын уахи етеді. Ол Ұлық,

Хаким».

(Шура сүресі, 51-аят)

«...Аллаһ Мұсамен тікелей сөйлесті»

. (Ниса сүресі

сүресі, 164-аят)

Хақ Тағала Мұса пайғамбармен тіл немесе дыбыс

сияқтыматериалдыққұралдарарқылыемес,езеликәләм

сипатымен сөйлескен. Хазіреті Мұсаның жанындағы

куәгер болсын деп әкелінген жетпіс кісі де Жәбірейіл

(Ғаләйһиссәләм) да осы иләһи сөйлеуді естімеді және

сезбеді. Мұса (Ғаләйһиссәләм) осы иләһи көріністің

әсерінен есінен айрылып, дүниеде ме, әлде ақіретте

ме, қайда екенін ұмытып, заман мен мекен өлшемінің

сыртына шығып кетті. Сол себепті үлкен бір тебіренген

сезімімен шаттана, иләһи нұрға бөленген күйде Аллаһ

Тағаланың өз затын тікелей көруді армандап, Аллаһ

Тағаладан сұрағанда:

«Мені мүлде көре алмайсың!» деген жауап алды.

Мұса (Ғаләйһиссәләм) өз толқуын баса алмай,

сұрағанын табандылықпен қайталағанда Аллаһ Тағала

*

сидрәтул-мунтәһә

: Аллаһ Тағала жанындағы ешбір мақлұқ бара

алмайтын аймақ