Previous Page  76 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 298 Next Page
Page Background

76

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

«Аллаһтың қалағаны болады, қаламағаны бол-

майды!»

Сондықтан Хаққ Тағаланың ризалығын тудыратын

істер Оның қалауымен пайда болғанымен, ризалығы

тудырмайтын істердің пайда болуы да сынақ болу

себебінен, олар да Оның рұқсатымен болуда.

Және барлық істе аят кәримдегі сөз бойынша бір

«иншә-ә», яғни «Ол қаласа немесе Ол бұйыртса» шарты

бар. Бұл шарт бүкіл махлұқатты, адамзатты және

жындарды, тіпті пайғамбарларды да қамтиды. Бұның

бір мысалы Хазреті Пайғамбар (с.а.у.)нің өз өмірінде

үмбетке үлгі болсындегенТәңірмақсатыкөрініс тапқан.

Ол былайша:

Бір топ бәдәуи Расулұллаһ (с.а.у.)ға келіп бірнеше

мәлімет сұрады. Ол сұралған мәліметтерге қатысты

бұрын уахи алмағандықтан кешке дейін мәселеге

қатысты уахидің келетінін ойлап, оларға:

-Ертең келіңдер, жауабын аласыңдар! – деді.

Бірақ сол сөзді айтарда «Иншааллаһ» яғни Аллаһ

қаласа деп айтпағандықтан, уахи толығымен он бес күн

үзілді. Бұл ұзақ күтуден кейін алғаш келген аят кәримә

мынадай болды:

АРАПШАСЫ

«Қандай да бір ісіңде Аллаһтың қалауының

сыртында: «Ертеңмұны істейміндеп айтпа. (Иншааллаһ

деуді) Ұмытқан кездеріңде де Раббыңды еске алып,

былай айт: «Раббымның мені туралыққа ең жақынына

жеткізетініне үміттемін».(Кәһф сүресі, 23-24 аяттар)

Бұл аят кәримнің көрсеткені, адамның тілеген

нәрселері көбінде болмайды. Өйткені адамзат еркі мен

құдіреті кем болғандықтан, әр қалағанын істеу қабі-

летіне және мүмкіндігіне ие емес.