Previous Page  77 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 298 Next Page
Page Background

77

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Аллаһға достық құрған әулиелер Хаққ Тағаланың

осы сипатын лайықты түрде түсініп, өз еріктерін Оның

еркіне байлаған. Оның әр қалағанының өте орынды

екенін біледі және төңірегіндегілерді осы бойынша

бағыттайды.

Хазіреті Сүнбүл Синан бір күні шәкірттерінен

сұрайды:

-Балаларым! Егер Аллаһ Тағала осы әлемнің билігін

сендерге берсе не істер едіңдер?

Әр шәкірт әр түрлі нәрсе айтты. Кейбіреуі:

-Бүкіл кәпірлерді жояр едім!

Біреулері:

-Арақ ішкендердің барлығын құртар едім!

Тағы біреулері:

-Залымдардыңсазайынтарттыраредім!–дегенсекілді

ұзаққа созылған жауаптар қайтарды. Шәкірттерінің

арасында отырған болашақ ғалым Мұслихуддин Мырза

да үндемей жауапсыз отырған. Хазіреті Шейх бір кезде

оған бұрылып:

-Балам! Ал сіз не істер едіңіз? – деді.

Мұслихуддин Мырза әдептілік сақтап, былай жауап

қайтарды:

-Тақсыр! Аллаһ мұндай ойлардан сақтасын, Хаққ

Тағаланың еркінде және басқаруында мен басқа нәрсені

ойлап қалайтындай бір кемшілік бар ма? Сізге беретін

жауабым да тек қана әр нәрсені кәдімгідейжалғастырар

едім деуден басқа сөз болмақ емес».

Бұл жауапқа өте разы болған Шейх Сүнбүл Синан:

-Міне, іс енді өз өзегін тапты! – деді.

Сол күннен бастап Мұслихуддин Мырза «Өзек

Мырза» деп аталып, ұстазы Сүнбүл Синаннан кейін

рухани аманат (сопылық жолында насихат жүргізіп