Previous Page  78 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 298 Next Page
Page Background

78

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

тәлім-тәрбие беру) соған берілді.

`

ҚҰДІРЕТ: Олшексіз құдірет иесі. Аллаһқа ешқандай

қиын іс жоқ. Бұл сипатын Аллаһ Тағала аят кәримде:

АРАПШАСЫ

«Сөзсіз Аллаһ барлық нәрсеге қадир(күш-қуаты

жетеді)!» түріндегі қорытынды сөзбен баяндайды.

Басқа бір аятта былай айтылады:

АРАПШАСЫ

«

Оның бұйрығы, бір нәрсені қалаған уақытта оған

текқана«Бол!»депайтуы. Ол сондадереу бола салады»

.

(Ясин сүресі, 82-аят)

Аллаһ Тағаланың «Бол!» деген бұйрығы берілгенде,

болуын қалаған нәрсенің болмауы мүлде мүмкін емес

және мұндай нәрсе Оның құдіретіне сәйкеспейді.

Сондықтан Тәңірлік құдіретке өз әлсіздігіміз арқылы

пікір жүгіртіп, осы жайда қатеге түспеуіміз керек.

Өйткені біздің түсінігіміздегі күш пен қуат шектеулі,

әрі қашан да кем. Ал Хаққ Тағаланың құдіреті шексіз

әрі әлсіздік сияқты әр-түрлі болымсыз сипаттардан

пәк. Сондықтан Оның шексіз құдіретінің алдында әлсіз

болмаған ешбір тіршілік иесі жоқ. Біздің құдіретіміз де

тек Ол берген мөлшерде ғана.

Сол құдіретке қарсы келген талай ғапылдардың

мұңды ақыры адамзат тарихының қара дақты беттері

болған. Немрұт, Перғауын, ӘбуЖәһіл, және осысияқты

талай адамдар ешбір құдіретке бас имейміз деп жүріп,

еш болып бұл дүниеден өтіп кеткен. Аллаһ Тағала

азаптау үшін мәңгі әлемге аларда олардың пешенесіне