Previous Page  84 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 298 Next Page
Page Background

84

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

өзінде болған сипаттар.

Осы сипаттар туралы жалпы мағынада мыналарды

айту керек:

Аллаһ Тағаланың өзінде ешбір сипаттың қарама-

қайшысы жоқ. Яғни, Ол өмір иесі. Бірақ өмірі

махлұқатқа тән өлімнен пәк. Ол бар, бар болуы оның

қарама-қайшысынан, яғни жоқ болудан пәк. Ғылым

иесі; қарама-қайшысынан, яғни надандықтан пәк.

Барлық қажет болған нәрселерді жаратады, мұқтаж-

дықтан пәк т.б… әр иләһи сипат осындай.

Бұнымен бірге Хаққ Тағала бүкіл сипаттарында

мүше, ағза сияқты дәнекерлерден де пәк, әрі иләһи

сипаттардың Аллаһта болған түріндей адамзатта және

басқа махлұқатта ең кішкене бір бөлшегі де жоқ. Тек

қана олардың шағылысқан, болмашы көріністері

бар. Яғни біздің сөйлеуіміз бізге қатысты бір кәләм

сипатымен емес, Оның кәләм сипатының шағылысуы

сияқты көрініс. Сондықтан Аллаһтың өмір иесі, яғни

Хаий болуы біздің өмірімізге мүлде ұқсамайды. Оның

көруі біздің көруіміз сияқты емес. Құдіреті де осылай.

Қысқаша айтқанда, Оның ұлы затына тән бүкіл

сипаттардың мазмұны түсініктемелерге сыймайтын

кеңдік, әрі шексіздік көрсетеді. Олардың барлығы

езелден (ежелдік) әрі мәңгілік. Барлығы Аллаһта

нақтылықпен, әрі мәңгілікпен ерекшеленеді. Яғни,

ешбір сипатының шегі жоқ. Сондықтан Оның ғылымы,

кәләмы, құдіреті, тәкуині және басқа ерекшеліктері әр

түрлі ұқсатудан пәк, әрі толық түсіндіру де мүмкін емес.

Ал біздің болмысымыздың ерекшеліктері шектеулі әрі

фәни.

ІІ. ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН

Періштелер нұрдан жаратылған латиф (ешкім көре

алмайтын,нәзік,арайлы)тіршілікиелері.Сондықтанбіз