82
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
болса және соншалықты қосылса да, Раббымның
сөздері бітпей дария таусылып қалады».
(Кәһф сүресі,
109-аят)
«Егер жер бетіндегі ағаштар қалам, теңіз және
артынан тағы жеті теңіз қосылып сия болса, сонда да
Аллаһтың сөздері (жазумен) таусылмайды. Күмәнсіз
Аллаһ сөзсіз Үстем және хикмет Иесі».
(Лұқман сүресі,
27)
Сонымен Аллаһ Тағала кәләм сипатындағы шексіз
құдіретті көрсетуде, әрі өзінің ұлы есімін сансыз
тілдермен зікір еттіруде. Олжансыз деп саналатындарға
да Өз кәләм сипатымен бөлек бір тіл сыйлаған. Ол халық
арасында лисанул хал(хал тілі) деп аталып кеткен. Аят
кәримде айтылады:
«Жеті көк, жер және ондағы барлық нәрсе Оны
тасбих етеді. Оны мадақтаумен тасбих етпейтін ешбір
нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтерін түсіне
алмайсыңдар..».
(Исра сүресі, 44-аят)
Осы аят кәримнің сырын аңғарғанАқынЖүніс Әміре
былай өлеңдетеді:
Сол Жаннаттың өзендері,
Ағады «Аллаһ, Аллаһ» деп.
Ислам дүл-дүл, бұлбұлдары,
Сайрайды «Аллаһ, Аллаһ» деп.
Теңселіп Туба бұтақтары,
Құран оқып һәм тілдері,
Жаннат бағы гүлдері,
Аңқиды «Аллаһ, Аллаһ» деп.
`
ТӘКУИН: Аллаһ Тағаланың жарату сипаты. Бұл
жоқтанбаретудеген;жалғызОғанғанатәнсипат.Сансыз
әлемдер Аллаһтың осы сипатының көркем нәтижесі.