86
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
уахи періштесі Жәбірейілді қабылдамағандарға Аллаһ
Тағала былай дейді:
«(Ей, Расулім!)
Айт: Жәбірейілге кім дұшпан болса
мынаны білсін, Аллаһтың рұқсатымен Құранды
сенің жүрегіңе һидаятқа нұсқаушы, бұрын келген
кітаптарды бекітуші және мүминдерге сүйіншілеуші
етіп, Ол жеткізген».
(Бақара сүресі, 97-аят)
Осы аятта көрсетілгендей періштелердің Хаққ
Тағалаға ғибадат етуінің қасында басқа міндеттері де
бар. Кейбіреулері Аллаһтың бұйрығымен адам бала-
сына жәрдем етеді. Әсіресе мүминдердің қиналып,
тарыққан кездерінде періштелердің осындай жәрдем
және ғинайеттері Ислам тарихында көп мәрте көрінген.
Қадірменді сахабалардан Бәдір ғазилері (соғысып тірі
қайтқандар) бұл шындықты былай баяндайды:
«Бәдір күні соғыстың ең сұрапыл кездерінде
қылыштарымыз әлі дұшпанның мойнына тиместен
бастарының кеуделерінен ажырап жатқандығына куә
болдық».
Аллаһ Тағала бұл шындықты Құран Кәрімде былай
баяндайды:
«Раббың періштелерге: «Сөзсіз мен сендермен
біргемін.Олайболса,иманкелтіргендергежәрдемберің-
дер. Кәпірлердің жүрегіне қорқу саламын, шабыңдар
мойындарын!Шабыңдаролардыңбарлықбуындарын!»
- деп уахи етіп жатқан еді».
(Әнфәл сүресі, 12-аят)
«
Періштелер беттеріне және арқаларына ұрып
«күйдіретін Жаһаннам азабын татыңдар!»- деп, сол
кәпірлердің жандарын аларда оларды көрсең ғой!.».
(Әнфәл сүресі, 50-аят)
Бұлардан басқа адамды қорғайтын «хафаза» періш-
телері, амал дәптерімізді жазып отыратын «Кирамән
кәтибин», қабірде сұрақ қоятын мүнкәр және нәкір
періштелері, күнәһарлардың ғапу етілуі үшін кешірім