92
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Біздерге жеткен нақылдар бойынша 124 мың
немесе 224 мың пайғамбар жіберілген. Бұлардың
кейбіреулеріне жаңа бір шариғат берілген, ал кей-
біреулеріне өзінен бұрынғы пайғамбарлардың шариға-
тын ескертіп, жалғастыру міндеті берілген.
Пайғамбарлар
мына
үш
негізгі
міндетпен
жіберілген:
1. Аллаһтың аяттарын оқу,
2. Жамандықтардан сақтандыру(нәпсіні ағарту),
3. Кітапты және ондағы хикметті үйретіп, адам-
затты сират-ы мұстақим делінген тура жолға бағыттау.
Пайғамбарлардың болмысы біздің болмысымыздың
қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Олар мінез-
құлықтары бөлек жүз мыңдаған адамға кемел өнеге
тұлға деп баяндалған ерекшеліктерін үмбетіне беріп,
оларды бір адам сияқты күйге келтіреді де, адамдардың
руханиятын бір сәйкестіктің тыныш ағысының
арнасында Аллаһқа қауыштырады.
Пайғамбарлар еңбектену арқылы емес, Аллаһтың
тікелей таңдап, дайындауы нәтижесінде міндеттелген.
Сондықтан олар Аллаһ тарапынан берілген өзгеше
сипаттарға ие. Пайғамбарларға иман осы ерекшеліктер
айналасында кемелдікке жетеді:
Сыдқ:
Пайғамбарлар сөздері мен іс-әрекеттерінде
үнемі тура болады. Сөзі мен істері бір-бірінің айна-
сындай. Олардың өтірік айтулары мүлдем мүмкін емес.
Олардың адалдықтары өздеріне иман келтірмегендер
тарапынан да мойындалатын дәрежеде. Міне, бұның
сансыз мысалдарының бірнешеуі:
Рим патшасы Һераклиустың Пайғамбар (С.а.у.)
Мырзамыз туралы мәлімет алу үшін әлі иман келтірмей
жүрген Әбу Суфянға қойған сұрақтарының біреуі былай
еді:
-Сөзінен тайған кезі болды ма?