Previous Page  98 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 298 Next Page
Page Background

98

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ықпалды болатынының уәдесі әрі сүйіншілеуі ретіндегі

иләһи баян.

Расулұллаһтың(с.а.у.)

төмендегі

хадисі

де

көңілдерге үміт беріп мейірімге толтыратын өзгеше бір

сүйіншілеу:

«Қиямет күні болғанда адамдар не істерін білмей

алаңдаған күйде Адам (ғаләйһиссәләм)ға келіп:

-Бізге Раббыңның алдында шапағат қыл! – дейді.

Ол:

-Менің ондай хұқығым жоқ; бірақ сендер Ибраһимге

барыңдар! Ол Рахман Аллаһ Тағаланың халилі, жақын

досы, – дейді.

Олар Ибраһим (Ғаләйһиссәләм)ға барады. Ол да:

-Менің ондай хұқығымжоқ, сендерМұсаға барыңдар!

Ол Аллаһпен тікелей сөйлескен пайғамбар, – дейді.

Олар Мұса (Ғаләйһиссәләм)ға барады. Ол да:

-Менің ондай хұқығым жоқ; сендер Исаға барың-

дар! Ол Аллаһтың рухынан, әрі сөзі болған пайғамбар,

– дейді.

Олар Иса (Ғаләйһиссәләм)ға барады. Ол да:

-Мен ондай мәртебеде емеспін, сендер Мұхаммедке

(С.а.у.) барыңдар!– дейді.

Олар ақыры маған келеді. Мен:

-Иә, маған осы мәртебе және хұқық берілген, –

деймін.

Кейін Раббымның алдына бару үшін рұқсат сұрай-

мын. Рұқсат беріледі. Сол кезде маған қазір мен

білмеген бірнеше хамд(мадақ) сөздері үйретіледі де, сол

хамд сөздерімен Раббымды мадақтаймын. Оған сәжде

қыламын. Сонда маған:

- Ей, Мұхаммед, басыңды көтер! Сөйле, сөзің тыңда-

лады! Сұра, сұрағаның беріледі! Шапағат ет, шапағатың