102
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
есімі ардақтала еске алынғандардың пайғамбарлығын
қабылдамау адамды иманнан шығарады. Мысалы, адам
Хазіреті Исаның пайғамбарлығын қабылдамаса мүмин
бола алмайды.
Өйткені бүкіл пайғамбарлар тәблиғ еткен негіздер-
дің барлығы бірдей. Сондықтан олардың тәблиғында
баяндалған дін үнемі Ислам болған. Ақырзаман
пайғамбары– бүкіл пайғамбарлардыңмырзасы. Ақірет-
те өзінің туының астына бүкіл үмбетін жинайды.
Бұл жиын ішінде бұрынғы пайғамбарлар да өздеріне
сенгендердің басында болып, осы тудың астында
болады. Яғни, бүкіл пайғамбарлар өз үмбеттерімен бірге
«Мұхаммед үмбетінен» болып саналады.
«Бүкіл пайғамбарларға сәлем болсын!»
«Әлемнің Раббысы Аллаһқа мадақ».
(Саффат сүресі,
181-182 аяттар)
V. АҚІРЕТКЕ ИМАН
Аллаһ Тағала адамзат өмірі үшін бес кезеңнен өтуді,
бес түрлі әлемді мекен етіп, тұрақтауды тағдыр етіп
пешенесіне жазып қойған. Бұлардың біріншісі – рухтар
әлемі, екіншісі – ана жатыры, үшіншісі – дүние өмірі,
төртіншісі – барзах немесе қабір әлемі, ал бесіншісі
– ақірет және ондағы Жәннат немесе Жәһаннамдағы
мәңгі өмір. Бұлардың ішіндегі дүние өмірі адамға сынақ
үшін берілген және оның ең соңғы тұрағы мен мәңгілік
бақыты осы дүниедегі іс-әрекеттеріне байланысты
қылынған. Әр құлдың осы іс-әрекеттерінің оң және
теріс нәтижелері болатынын білуі және сол себепті
жауапкершілігін аңғаруы үшін адамзат өмірінің
бесінші кезеңі, яғни ақірет иманның алты негізінің
арасынан орын алған. Ақіретке сену өте маңызды
болғаны соншалықты, бірталай аят кәримде Аллаһқа
иман келтірумен қатар ескертіледі.