94
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Бірақ ол басылмай былай деп, айқайлай берді:
-Мұхаммед маған Меккеде болған кезде: «Мен сені
сөзсіз өлтіремін!» деген еді. Ант етемін, егер ол маған
түкіре салса да өлемін бе деп қорқамын!.».
Ол айғай салғанда дауысы өгіздің өкіргеніндей
шыққан. Әбу Суфян:
-Ей сен де! Кішкене сыдырылғанға бола осыншама
айқайлайды ма екен? – деп оны кекеткенде Убәй оған:
-Сен білемісің бұл сыдырықты кім істеді? Бұл
Мұхаммедтің қолынан болған жара. Лат пен Ұззаға
1
ант
етемін, егер осыжара берген ауру бүкіл Арабия халқына
таратылса барлығы жоқ болып кетеді. Мұхаммед маған
Меккеде: «Мен сені сөзсіз өлтіремін» деген еді. Мен
сонда оның қолымен өлтірілетінімді және Одан құтыла
алмайтынымды сезгенмін. Ол осы сөзді айтқан соң
маған түкірсе де, мен содан өліп кетуден қорқамын».
Ақырыпайғамбардың дұшпаныболғанУбәйМеккеге
жете алмай, бір күн бұрын жолда өлді.
Бұл оқиға қаншама ғибратқа толы. Хазреті
Пайғамбарды (с.а.у.) жақсы танитын азғын бір мүшрик
болса да Оның сөзінің қаншалықты күшті әрі шын
екендігіне сенеді.
Аманат
: Пайғамбарлар адамзат баласының ең
сенімділері. Имансыздар тобынан болғандар да оларға
шексіз сенім білдіреді. Расында Хазреті Пайғамбар
(С.а.у.) туралы айтылғ н Мұхаммед әл-Әмин лақабы
мүшриктердің аузынан түспейтін және олар қандай да
бір заттарын аманатқа қалдыру керек болғанда өз жақ-
тарынаемесРасулұллаһтың(с.а.у.)қолынааманаттарын
толық сеніп тапсыратын. Тіпті Хазреті Пайғамбар
(С.а.у.) Меккеден Мәдинаға көшетін(Һижрет) кезінде
де қолында мүшриктер тапсырған бірталай аманат бар
*Рида: Арабтардың ғұрпында, қажылыққа барғанда киілетінихрамға
ұқсас, киімнің сыртынан үстіге желбірейтін орала салатын орамал.