Previous Page  93 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 298 Next Page
Page Background

93

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Сол кездері Хазреті Пайғамбарға (с.а.у.) қас жау бола

тұра Әбу Суфянның берген жауабы:

-Жоқ! Ол берген әрбір сөзін орындайды! - деп айтуы

болды.

Меккелік мүшриктердің бірі Убәй б. Халеф атты бір

кісі Исламның ең жауыз дұшпандарының қатарында

еді. Һижреттен (Меккеден Мәдинаға көшуден) бұрын

Әлемнің Мырзасына (с.а.у.):

-Бір жылқымды жақсылап бағып, оған ең күшті

жемдерді жегізіп жүрмін. Соған мініп алып, бір күні

сені өлтіремін», – деп айтатын еді.

Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) да бір жолы оған:

-Иншааллаһ(Аллаһ қаласа) мен сені өлтіремін!» –

деп, жауап қайтарады.

Ухуд соғысы күні осы ақымақ мүшрик Хазреті

Пайғамбарды (с.а.у.) іздеп тауып: «Егер бүгін ол

құтылса, мен құрыдым!» деген оймен Пайғамбар

(с.а.у.)ға тап бермек болып жақындайды. Мұны аңдап,

байқап қалған қадірлі сахабалар әлі аралары қашық

болып тұрғанда оның басын ұшырып түсіруге әрекет

жасамақ болады. Бірақ Расулұллаһ(с.а.у.):

-Жіберіңдер, келсін! – деп бұйырды.

Убәй бин Халеф әбден жақындағанда Пайғамбар

(С.а.у.) сахабаның біреуінен қолындағы найзасын алып

оның кеудесінен көздейді. Найза Убәйдің мойынын

сырып өтіп, атынан аунатып түсіріп, бірнеше рет

тоңқалаң астырады. Жаны шыққандай бақырып өз

жағына қарай қашып кетеді. Көздері шарасынан шыға

жаздап, былай деп бақырып, қашып бара жатты:

-Ант етемін Мұхаммед мені өлтірді!..

Қасына келіп жарасына қараған мүшриктер:

-Өй, мынауың жәй ғана сырылған! – деді.

* Лат, Ұзза: Мүшриктер табынатын пұттар.