87
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
сұрайтын және адамзат баласының тура жолда жүруі
үшін дұға ететін періштелер бар.
ІІІ. КІТАПТАРҒА ИМАН
Аллаһ Тағала алғашқы адамзат және тұңғыш
пайғамбары болған Адам (Ғаләйһиссәләм)нан бері адам
баласына әмірлері мен тыйымдарын алғашқы кезеңдер-
де парақтар күйінде жіберген. Кейін адам баласының
көбейуімен қоғамдық мәселелер де көбейгендіктен, өз
тарапынан үлкен кітаптар жіберген. Бұл кітаптардың
саны төртеу. Зәбур, Таурат, Інжіл және Құран.
Алғаш жіберілген беттер және осы кітаптар өз
дәуірінің хақ(шын) кітаптары. Сондықтан олардың
Аллаһ тарапынан түсірілген кездегі бұрмаланбаған
түпнұсқаларына ғана иман келтіру, кітаптарға иман
келтіру ережесінде өз орнын алады.
Аллаһтан жіберілген парақтарға келер болсақ, олар
мына пайғамбарларға түскен:
1- Он бет Адамға (ғаләйһиссәләм)
2- Елу бет Шитке (ғаләйһиссәләм)
3- Отыз бет Идриске (ғаләйһиссәләм)
4- Он бет Ибраһимге (ғаләйһиссәләм)
Үлкен кітаптар болса көпке мәлім болғанындай
мыналар:
1- Таурат Мұсаға (ғаләйһиссәләм),
2- Забүр Дәуітке (ғаләйһиссәләм),
3- Інжіл Исаға (ғаләйһиссәләм) және
4- Ең соңғысы Құран Кәрім, Әлемдердің Мырзасы
Хазіреті Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) түскен.
Киелі кітаптар Хаққ Тағаланың құлдарына жіберген
хаты тәрізді. Адамзаттың өмірін тәртіпке салып, оған
мәңгілік бақыттың, құтылудың жолдарын ұсынған бұл