85
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
оларды өз сурет және түрлерінде көре алмаймыз. Бірақ
олардың қалаған сурет және түрде көріну қабілеттері
бар. Іштерінде ұлы пайғамбарлардың кейбіреулеріне өз
суреттерімен көрінгендері де бар. Адамзат сияқты ішіп-
жеужәне тағыбасқа ерекшеліктері жоқ. ТекқанаАллаһ
Тағалаға ғибадат ету және Оның бұйрықтарын орындау
үшін жаратылғандықтарынан, оларға нәпсі берілмеген.
Сол себепті періштелерден ешқашан Раббыларына
қарсы келу секілді күнәлі іс күтілмейді. Сандары
да санына жете алмастай тым көп. Хадис шәрифтер
бойынша жер бетіне түскен әрбір жаңбыр және қар
данасын бір періште түсіреді және бір дана түсірген
періштеге қияметке дейін екінші кезек келмейді.
Жаңбыр мен қардың ауада бір-бірімен еш соғыспай жер
бетіне түсуінің хикметі де осы.
Періштелердің ерекшелігі жағынан мәртебелері
бөлек-бөлек. Періштелердің пайғамбарлары деп атай
алатынымыздай төрт үлкен періште бар: Жәбірейіл,
Микайіл, Әзірейіл және Исрафил (ғалейһимүссәләм).
Олардың ішіндегі Жәбірейіл (Ғаләйһиссәләм)
пайғамбарларға уахи әкелу міндетімен жауапты
қылынған періште. Микайіл (Ғаләйһиссәләм) табиғат
оқиғаларын (болмыстарын) бақылауға жауапкер.
Әзірейіл (Ғаләйһиссәләм) рухтарды, яғни жан алуға
жауапты өлім періштесі. Ал Исрафил (Ғаләйһиссәләм)
Сурға
1
үрлеуші періште.
Періштелербізгеберілгенрухсияқты.Сондықтанкөре
алмасақта рухымыздыңбар екендігінқалайқабылдаған
болсақ, періштелерді де солай деп қабылдауымыз
керек. Ақиқат күнінің нұрын адамзатқа жеткізуі
тұрғысынан періштелерге иман, пайғамбарларға
иманмен тең қатыстырылып, періштені қабылдамау
пайғамбарлықты қабылдамау деп айтылған. Расында,
*
Сур
: Қандай болғаны бізге белгісіз аспап немесе басқа нәрсе