79
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
жазған өлімі де оларға тәңір құдіретінің алдында еш
екендіктерін еске салатын түрде орындалған. Тіпті
тәңірлікдауынкөтергенНемрұттыңарықжәнеақсақбір
масаданжеңілуіАллаһтыңқұдіретінеқарсытұрғандарға
үлкен ғибрат болса керек. Тағы әскерлерінің ішіндегі
пілдеріне сеніп Қағбаға шабуыл жасаған Әбраһа мен
әскерлерінің әбәбил деп аталатын кішкене құстардың
тарапынан жойылулары да орны бөлек бір ғибрат.
Хазіреті Мәулана айтады:
«Барлық құрылымымен бұл дүние сенің көзіңе өте
үлкен және шексіз болып көрінсе де мынаны біл: иләһи
құдіретке ол мүлде қиын емес. Көзіңді аш та бір қара;
бір зілзала, бір топан, бір сел пәлекеті дүниені және
оның ішіндегілерді қандай халге келтіріп жатыр!»
Расында, Аллаһтың құдіреті біз білетін иләһи
жоспардантысталайкөріністеріменіскеасуда.Мысалы,
от, су, жел және басқа табиғат құбылыстарының
біздер үшін жарамды сипаты кейде иләһи құдіретпен
жарамсыз сипатқа түсіріліп, бұзып жоқ қылатын бір
қуат халіне келеді.
Аллаһ Тағала аят кәримде былай баяндайды:
«Білмеймісің, көктердің және жердің иелігі мен
билігі жалғыз-ақ Аллаһтікі? Сендер үшін Аллаһтан
басқа дос та, жәрдемші де жоқ».(
Бақара сүресі, 107-
аят)
`
КӘЛӘМ: Ол сөйлеу иесі. Бұл үшін дыбысқа, әріптерге
және бұл әріптерден құралған сөздер мен сөйлемдерді
құрастыруға мұқтаж емес. Яғни Оның сөйлеуі, әріптен
де дыбыстан да пәк; адамзаттың сөзіне әрі сөйлеуіне
мүлде ұқсамайды.
Аллаһ Тағала кәләм сипаты арқылы әмірлерін,
тыйымдарынжәнебасқадабұйрықтарынперіштелеріне,
пайғамбарларына және адамзатқа тіпті басқа бүкіл