75
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
берген жауабы Хазіреті Омардың (Радиаллаһу анһу)
көңіл-күйін қатты қозғады. Мүминдердің Әміршіі оны
жай бір сүтші әйелдің қызы деп көрмей, көңіліндегі
тақуалығымен өзгеше бір нәсіп деп білді де, өз ұлына
келін қылып алды. Бесінші халифа деп аталатын белгілі
Омар бин Абдүләзиз міне, осындай таза жатырдан
тараған текті ұрпақ.
Сондықтан
бүкіл
мәселе
Хаққ
Тағаланың
бақылауында екендігімізді біле отырып өмір сүре
білуде. Аят кәримде айтылады:
«Көздер Оны көріп біле алмайды. Ал Ол көздерді
көреді. Ол латиф және хабир Аллаһ».
(Әнғам сүресі
сүресі, 103-аят)
`
ИРАДА: Аллаһ Тағала тілегенін қалайды, әрі қала-
ғанынша істейді. Ол қалаған нәрсеге бұйрығы тек қана
«Бол!» деуден тұрады, сонда ол дереу бола салады. Оның
хикметіне сұрақ қойылмайды:
«Ол көктердің және жердің теңсіз жаратушысы. Бір
нәрсені тілеген уақытта оған тек қана «Бол!» дейді,
сонда ол дереу бола салады»
. (Бақара сүресі, 117-аят)
«Ол құлдарының үстінде әр түрлі билікке Ие. Ол
үкім және хикмет Иесі, барлығынан хабардар».
(Әнғам
сүресі, 18-аят)
«(Расулім!)
Айт: Мүліктің шын мәніндегі иесі
Аллаһым! Сен мүлікті қалағаныңа бересің және
қалағаныңнан аласың. Қалағаныңды ұлылатып,
қалағаныңды алшақтатасың. Әр түрлі жақсылық сенің
қолыңда. Расында сен барлығына құдіреттісің (күшің
жетеді)».
(Әли Имран, 26-аят)
Осы көркем аяттардың айтуы бойынша қалағанын
істеуші тек қана Аллаһ Тағала. Әр болмыс және іс оның
еркіне байланысты. Қысқаша: