71
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Құлымның рухын алатын болсам, оны Жұмаққа
кіргізуім, құлымның мендегі хақысы болады. Егер
шипа беретін болсам оның етін одан да хайырлы
етпен, қанын одан да хайырлы қанмен ауыстыруым
және күнәларын ғапу етуім, құлымның мендегі
хақысы болады»
, – деп айтады».
1
Осы көркем хадис те біздер үшін сырттай азабы мол
болып көрінетін талай оқиғаның тек қана құдайы сынақ
ретінде тағдырға бекітілгенін және сол қиындықтың
артынан үлкен сыйлықтардың жасырын түрде бар
екендігін білдіруде.
Тарихта осындай талай оқиғалар, яғни сырттай
азап болып көрініп негізінде сый болған, әрі сый және
ілтипатпенаяқталғаноқиғаларбар.Кейде бұғанқарама-
қайшы жағдайлар болған. Яғни ілтипат болып көрінген
талай істер қаһар көріністерімен аяқталған. Мысалы,
Һуд пайғамбарға (алейһиссәләм) иман келтірмеген Ад
қауымы үстілеріне төніп келе жатқан азап бұлттарын
көргенде, оларды рахым бұлты деп ойлап, қуанып
қалған. Бірақ бастарына сол бұлттардан жаңбырдың
орынына от жауа бастағанда ғана ақиқатты түсінген.
Бірақ не пайда!..
Хаққ Тағала өзінің ғылымының алдындағы адам-
заттың халін төмендегі аят кәримдермен қандай көркем
түрде баяндайды:
«Ешбір жан иесі ертең не табатынын біле алмайды».
(Лұқман сүресі сүресі, 34-аят)
«(Ей, Расулім!) Айт: Ғылымның Аллаһ қасында ғана
екендігі күмәнсіз..».
(Мүлік сүресі, 26-аят)
Білім Аллаһ қасында ғана. Яғни, нақты мағынада
ғылым Аллаһқа қатысты. Оның білімі бар нәрсені
қамтиды. Құдайдың білімі бұл жағынан бір айнаға
ұқсайды. Оғаншағылысқандар қаншама өзгерсе де айна
барлығын өзіне сыйдырады, әрі ешқандай өзгеріске