Previous Page  74 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 298 Next Page
Page Background

74

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Осы баянды нақыл еткен Хазіреті Нақшыбенди

былай дейді:

«Ей қорқусыз адам! Оңаша жерлерде, жым-жырт

көшелерде істегеніңді, егер жігіт болсаң базардың

ортасында да дәл сондай істе де, халықтан қорқасың ба,

немесе Халиқ Жаратушыңнан ба, сол белгілі болсын.

Егер Халиқтан (Аллаһтан) қорықсаң барлық жерде

қорқасың!.».

Шын мұсылмандар әр уақыт және жасырын болсын,

әшкере болсын әр жерде осы тәңірлік сипаттарды толық

аңғару күйінде, өздері үнемі бақылауда екендіктерін

білгендіктен ғапыл қалмайды.

Бір түні Хазіреті Омар (Радиаллаһу анһу) әдеті

бойынша Мәдина көшелерін аралап жүріп, кенеттен

тоқтай қалады. Бір үйдің ішінен сыртына естіліп

жатқан дауыстан әйел мен қызының таласқаны назар

аудартады. Шешесі қызына:

- Қызым ертең сатылатын сүтке біраз су қос! – дейді.

Қызы:

-Анашым, халифа сүтке су араластыруды тыйған

жоқ па? – дейді.

Шешесі қызының бұл сөзіне ашуланып:

-Қызым түннің бұл уақытында сүтке су араластыр-

ғанымызды халифа қайданбілсін?!–дейді.

БірақАллаһтанқорқынышсезіміненлүпілдептұрған

қыз жүрегі анасының сүтке су қосу айласын сонда да

қабыл етпей:

- Анашым! Халифа көрмейді дейік, Аллаһ та

көрмейді ме? Бұл айланы адамдардан жасыру оңай,

бірақ барлығын көріп білетін Аллаһтан жасыру мүмкін

бе? – деп шырылдайды.

Раббани ақиқаттарға толы жүрекке ие болған осы

таза қыздың терең бір Аллаһ қорқынышымен шешесіне