69
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
яғни «Дұрысын бір Аллаһ біледі» деген сөзді дәстүрге
айналдырған.
Өйткені адамзат баласының білімі орасан әрі кең
әлемде бәлкім мұхиттан бір тамшыдай да емес. Аят
кәримде айтылады:
«Сендерге білімнен тек аз-ғана нәсіп берілді
».(Исра
сүресі, 85-аят)
Сондықтан адам баласына білімде қаншама төтенше
есіктер ашылған болса да, бірталай мәселеде адамзат
білімі аса алмайтын сыр бөгеттері қойылған. Бұл
құл әлсіздігін білсін және Аллаһқа мұқтаж екендігін
түсініп, Оның ғылымына мойын исін деген себептен.
Аятта айтылады:
«Сендер ұнатпайтын нәрселер болуы мүмкін, бірақ
негізінде ол сендердің жақсылықтарыңа және сендер
жақсы көретін нәрселер болуы мүмкін, бірақ негізінде
ол сендердің жамандықтарыңа. Сендер білмейсіңдер,
Аллаһ біледі
». (Бақара сүресі сүресі, 216-аят)
Расында адам баласы хикметін біле алмаған талай
азап көріністеріне алғашында қиналады. Азап сияқты
көрінген істе жасырынып жатқан рахымды көре
алмайды. Кейде ілтипат, сый түріндегі көріністерге
сүңгіп кетеді де, онда жасырынған азапты сезе
алмайды.
Риуаят
1
бойынша араларында салиқалы бір адам
болған бір Арап руы бар еді. Бұл ру сол кісінің сұхбатын,
үгітін және тәлімін пайдаланып, жан-дүниелерін соған
қарай бағыттайтын. Бір күні таңертең түрегелгенде
барлық иттердің өліп қалғанын көреді. Сол салиқалы
адамға барып жағдайды түсіндіреді. Ол кісі қысқа бір
мұрақабадан (рухани әлемге көз салу, ойлаудан) кейін
тәуекелді түрде:
-Олардың өлімі сендер үшін құтылу болып қалуы
мүмкін! – деді.