67
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
АРАПШАСЫ
«Ол үнемі тірі, Одан басқа тәңір жоқ. Олай болса
дінді дара Аллаһқа арнап, әлемнің Раббысына хамд
болсын деп дұға етіңдер».
(Мүмин сүресі, 65-аят)
Пайғамбар (С.а.у.)ді бір нәрсе мұңайтатын болса осы
дұғаны оқитын:
«Уа, мәңгі тірі тәңірім! Ей Қаййум Раббым!
Рахымыңа жармасып, жәрдеміңді сұраймын».
2
Хазіреті Әли (Радиаллаһу анһу) былай айтады:
«Бәдір соғысы басталғанда, біраз уақыт соғысқан-
нан кейін Пайғамбар (с.а.у.)нің қасына бардым. Не
істеп жатқанын көрейін деп ойлағам. Оны сәждеге
жығылған халде былай деп айтып жатқан жерінен
көрдім:
«Ей, Хаий, Қаййум Аллаһым! Рахымыңа жүгініп,
жәрдеміңді сұраймын!»
Сол жерден шығып тағы біраз уақыт соғысқа
қатыстым. Қайтып келгенде ол әлі сәжде қалпында:
«Ей, Хаий, Қаййум Аллаһым! Рахымыңа жүгініп,
жәрдеміңді сұраймын!»
- деп айтып жатыр екен.
Мен қайтадан соғысуға кеттім. Біраз уақыттан
кейін қайта келсем, әлі сол күйде. Осы дұғасын Аллаһ
жеңіске жеткізгенге дейін жалғастырды».
Ибн Аббас (Радиаллаһу анһу)
«Аллаһ жер бетін өлгеннен кейін қайтадан
тірілтетінін біліңдер, мүмкін ойланарсыңдар деп
сендерге дәлелдерімізді баяндадық»
. (Хадид сүресі, 17-
аят), туралы былай айтады:
«
Жердің жаңбырмен тірілтілуі, көзбен көрілетін