Previous Page  70 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 298 Next Page
Page Background

70

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Келесі күні бүкіл әтештер өліп қалады. Адамдар тағы

да әлгі кісіге келеді де сол бұрынғы жауапты естиді:

-Олардың өлімі сендер үшін құтылу болып шығуы

мүмкін!»

Бұған қарап іштерінен біреуі былай деп сұрайды:

-Тақсыр, иттер қарауылымыз, ал әтештер азаншы-

ларымыз сияқты еді. Бұлардың өлімінен біздер үшін

қандай пайда бар?

Салиқалы кісі:

-Бүкіл сыр және құпияларды білетін тек қана Аллаһ.

Әлбетте Ол осы оқиғаның ішіне ақылымыз жетпейтін

үлкен бір ақиқат жасырып қойған», – деді.

Бұдан кейін келесі түнде ауылда ешбір үйдің оты

жанбай қалды. Әркім «бір пәле келіп қалды ма?» деген

ойға кетті.

Бірақ таң атқанда жұмбақ оқиғалардың ақиқаты

мәлім болды. Сол түні жан-жаққа жау шауып барлығын

тонапкеткенекен.Жауосыауылдыңжанынадейінкеліп

не иттің үргенін, не әтеш дауысын ести алмағандықтан

және кішкене де болса бір оттың жарығын көре

алмағандықтан ауылды көрмей өтіп кеткен. Сонымен

адамдар үлкен бір тонау мен қырғыннан құтылған

екен.

Расулұллаһ(с.а.у.) айтады:

«Құл сырқаттанып, ауырып қалған кезде Аллаһ

Тағала оған екі періште жібереді де оларға: «Барып

қараңдар, құлым қасындағыларға не айтып жатыр

екен, естіңдер!» – деп бұйырады.

Егер сол құл періштелер келген сәтте Аллаһқа

мадақ айтыпжатқан болса, олар бұл сөзді әр нәрсені ең

жақсы түрде біліп тұрған Аллаһтың алдына көтереді.

(Періштелерін тек қана құлының істегеніне куә

болсын деп жіберген) Аллаһ Тағала: