Previous Page  73 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 298 Next Page
Page Background

73

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Құран Кәрімде бірнеше мәрте айтып және адамзатқа

Аллаһтыңбақылауындатұрғандарынескертіп,адамның

тура жолдан айырылмауын бұйыруда.

БАСАР: Аллаһ Тағаланың көруі де басқа сипаттары

тәрізді өз затының қажеттілігінен. Ол барлық нәрсені

лайықты түрде толығымен көреді. Ол әл-Басир, яғни

Оның назарынан жасырын қалатын ешнәрсе жоқ. Ол

мұсылман елдерінде мәшһүр болған мысалмен айтар

болсақ, тас қараңғы түнде қара тастың үстінде тұрған

қап-қара құмырсқаны да көреді.

Ғылым, сәмиғ және басар сипаттарының адамзатқа

тәлім етілуіндегі хикметті Хазіреті Мәулана былай

баяндайды:

«Хаққ Тағала бұзақылық және азғындық жасаудан

қорық деген мақсатпен өзінің ғалым, яғни «Барлық

нәрсені өте жақсы білуші болғанын білдірді».

«Көріксіз және жаман сөздерге «ауыздарыңды жап»

– деген мақсатпен өзінің сәмиғ, яғни «барлық нәрсені

өте жақсы естуші екендігін білдірді».

«Жасырын түрде жамандықтарғ жұқпауың үшін

өзінің басир, яғни «Барлығын өте жақсы көруші

екендігін білдірді».

Расында, Аллаһ Тағала құлдарының осы жайдағы

жауапкершіліктерін былай білдіреді:

«Білмейтін нәрсеңнің (дүние және әсіресе ақіреттегі

залалын сезіп түсіне алмайтын істердің) артына түспе,

шынында құлақ, көз және жүрек бұлардың барлығы

сол нәрседен жауапкер болады»

.(Исра сүресі, 36-аят)

Қиямет күні ғапыл құлдарға мынадай бір сөздер

айтылады:

«Ей, құл! Сен бізді дүниеде таныдың ба, танымадың

ба? Егер танымаған болсаң неге таныдым деп дау

көтердің? Егер таныған болсаң, кісі танығаннан кейін

сенің істегеніңді істейді ме?»