Previous Page  68 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 298 Next Page
Page Background

68

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жағдай және ол ғибрат алуға көмектеседі. Бірақ

аят кәримде мына мағына да ишарат етіледі:

Аллаһ қатайып, қарайған жүректерді жұмсартып

жеңілдетеді, тәухидке бет қаратып, иманын

қанықтырады әрі Раббысына жөнелтеді. Өлген

көңілдерді ғылыммен, хикметпен тірілтеді

».

`

ҒЫЛЫМ:Аллаһ ғылымиесіжәнеОныңбілімі барлық

нәрсені қамтиды. Оның білімінен тыс қалған ешбір

нәрсе жоқ. Ол болған және болатын барлық нәрсені

толығымен, лайықты түрінде біледі. Оның білімінен

жасырын сыр немесе құпия нәрселердің болуы мүмкін

емес. Әр нәрсе Оған айқын және ашық. Ал адамзат

баласына берілген білім Аллаһтың осы сипатынан,

ерекшелігінен алынып, сыйға тартылған бір тамшыдай

ғана. Бәлкім одан да кішкене. Көркем аяттарда былай

айтылады:

«Расынданежерде,некөктеешбірнәрсеніңАллаһтан

жасырын қалмайды».

(Әли Имран, 5-аят)

«(Оларға)

Айт: Іштеріңдегіні жасырсаңдар да,

жарияласаңдар да Аллаһ оны біледі. Көктерде және

жердегілерді де біледі. Аллаһ барлық нәрсеге күші

жетуші».

(Әли Имран, 29-аят)

«Ол көктердегі және жердегі жалғыз бір Аллаһ.

Құпияларыңды да әшкерелеріңді де біледі, (Жақсы-

лықтан және жамандықтан) не табатындарыңды да

біледі».

(Әнғам сүресі сүресі, 3-аят)

«... Ол құлдарының істегендерін және істейтіндерін

біледі. Ал адамзат Аллаһтың білдіргенінен тыс, Оның

біліміндегі ешбір нәрсені толық пайымдай алмайды».

(Бақара сүресі сүресі, 255-аят)

Сондықтан ғайбқа қатысты ақиқаттар туралы

Ислам даналары өз еңбектерінде: «Аллаһу ағләм»,