66
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Әсмәу хуснәдағы мәшһүр есімімен «Хайй», яғни тірі,
үнемі және өмір өзегінің иесі.
Бар болып тұрған бүкіл өмірлер Оның осы ұлы
сипатының көрінісі ретінде бар, әрі уақытша тіршілік
етеді. Махлұқаттың өмірі дене мен рух бірлескеннен
пайда болған, өтіп кететін материалдық өмір және ол
ақиқи өмір емес. Сондықтан күні келгенде әр фәниден
өмірі қайтып алынады. Ал Аллаһтың Хайй сипаты ұлы
затынан мүлде ажырамайтын кәміл сипаты. Өйткені
Оның ужуд, яғни бар болуының кәмілдігі; тірі, үнемі
және сөзсіз нақты өмір иесі болуынан. Сөздің қысқасы,
Аллаһтың тірілігі өлімнің антонимі болып табылатын
өмір емес, керісінше жалғыз Оған ғана тән өмір. Бұл
жағдай Құран Кәрімде былай түсіндіріледі:
«...Ешқашан өлмейтін, мәңгі өмір иесі..».
(Фұрқан
сүресі, 58-аят)
Әбу Мұса (радиаллаһу анһу) нақыл етеді:
«Расулұллаһ (с.а.у.) арамызда отыр еді, түрегеліп
мына бес сөйлемді айтты:
«Құдіреті Күшті Аллаһ Тағала (үнемі тірі)
ұйықтамайды, негізінде Оған ұйықтау дажараспайды.
Қистты (таразыны, ризықты) түсіреді және көтеріп
алады. Түнде істелген амал күндіз істелгеннен
бұрын, күндіз істелген амал түнде істелгеннен бұрын
Аллаһтың алдына көтеріледі. Оның алдындағы
перде нұрдан. Егер сол пердені ашатын болса, бүкіл
кемшіліктерден әрі махлұқатқа ұқсаудан пәк теңсіз
келбеті көзі жеткен барлық махлұқатты өртейтін
еді».
1
Басқа бір хадис шәрифте былай баяндалады:
«
Егер кім төсегіне жатпастан бұрын үш рет өзінен
басқа тәңір болмаған Хаий және Қаййум Аллаһтан
ғапу етілуімді сұраймын десе, ғапу етіледі
».
1