Previous Page  61 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 298 Next Page
Page Background

61

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

..», – деп қарсылық көрсетуінің дүниедегі сыйы ретінде

Әлемнің Мырзасы Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.)нің бас

азаншысы болған.

Уахданиәт мәселесінде имандағы ең кішкене бір

кемшіліктің орны өзге сансыз ізгі іс-әрекеттермен

де толтырылмайды. Бұл мәселе бір адамның өз

дене рахаттығын қамтамасыз ететін талай жақсы-

лықтарды көргенімен абыройына зиян келтіретін бір

азғындықты кешірмейтіні сияқты. Күпіршілік осы

жағынан қарағанда, Аллаһты жоққа шығару және

Оның әзиздігіне басқындық. Яғни қабылдамау – Аллаһ

Тағаланың тәңірлігіне қарсы істелген қылмыс болып

табылады. Ғапу етілмейтінінің себебі демұндағырухани

ауырлық. Сондықтан Аллаһ Тағаланың құлдарынан ең

алдымен талап еткені иман, одан кейін ізгі амал болып

келеді.

Ухуд соғысының ең сұрапылданып, қызған сәтінде

Амр бин Сәбит деген бір жігіт Хазреті Пайғамбар

(с.а.у.)нің қасына иман айту үшін келген. Соғыстың

жағдайын көргенде:

-Уа, Расулаллаһ! Алдымен иман келтірейін бе, әлде

соғысқа қатысайын ба? – деп сұрады.

Әлемнің Мырзасы (с.а.у.):

-Алдымен иман келтір, кейін соғыс! – деп бұйырды.

Жігіт иман келтіріп барып соғысқа қатысты.

Соғыстан кейін онышейіттердің арасынан көргенАллаһ

Расулі (с.а.у.):

- Аз істеді, көп тапты!.. – деді.

Уахданиәт Хаққ Тағаланың ұлы затына қатысты

бір сипат болғандықтан, Оған жалынарда осы сипатты

дәнекер қылу, дұғаның қабыл етілуі үшін маңызды

ықпал тигізеді. Өйткені Пайғамбар (с.а.у.) дұғаның

қабыл болуыүшін, сахабаларына дұға етерде ең басында

«Уахданиәтті» айта отырып Аллаһ Тағаланың ұлы