59
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
кететін еді. Демек, Аршының Раббысы Аллаһ, олар
(кәпірлер) жарастырмақ болып жүрген сипаттардан
пәк».
(Әнбия сүресі, 22-аят)
«... Онымен бірге ешбір тәңір жоқ. Ондай болғанда,
әрине әр тәңір өз жаратқанын бағыттап басқарар еді
және сөзсіз бір-біріне үстемдік құрар еді. Аллаһ олар
(мүшриктер) жарастырған нәрселерден пәк».
(Муминун
сүресі, 91-аят)
Құран Кәрім басынан аяғына дейін көңіл ауда-
рылып зерттелгенде Аллаһ құлдарын жауапкер
қылған мәселелердің ең маңыздысы өз Ұлылығына
нану екендігі көрінеді. Бұл нанудың ең өзекті мәселесі
уахдәниәт болғандықтан, Аллаһқа серік қосу иләһи
ашуды келтіретін жағдайлардың бірінші кезегінде
келеді. Құран Кәрім осындай жаман ойға, сенімге
барудан сақтануды қамтамасыз ететін қорқыту, ескерту
және үгіттеуге ерекше орын берген:
«...Кім Аллаһқа серік қосатын болса, Аллаһ оған
жұмақты сөзсіз харам етеді де, оның баратын жері от
болады. Зұлымдық жасағандардың жәрдемшілері де
болмақ емес».
(Мәидә сүресі, 72-аят)
«Ант етемін саған да сенен бұрынғыпайғамбарларға
да (былай) уахи етілген: «Расында, егер Аллаһқа серік
қосатын болсаң, амалдардың босқа кетіп, зиянда
қалғандардан боласың».
(Зүмәр сүресі, 65-аят)
«Аллаһ өзіне серік қосылуын мүлде кешірмейді,
бұдан басқа күнәларды қалаған құлынан кешіреді.
Аллаһқа серік қосқан кісі өте үлкен бір күнәлі жала
жапқан болады».
(Ниса сүресі сүресі, 48-аят)
Уахданиәт (бірлеу) сенімін қабылдағанын жарияла-
ған басқа діндер де бар. Мысалы еврейлік және
массондардың сенімі деизм сияқты. Бірақ бұлар
Аллаһқа тән сипаттарда қателескендері үшін, яғни
* Өз заты: сипаты, құрылысы, ерекшеліктері.