55
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Күн бытырап жарылған кезде..»
(Күууират сүресі,
1-аят) аятында баяндалған ақиқатына куә болады. Сол
күні оның да өмірі бітеді. Сол күні әлбетте қиямет күні.
Одан арғыжағы сәждеге жығылып Аллаһқа сыйынудан
басқа шара жоқ.
Сонымен көздер көріп түсінуі қажетті ақиқат иләһи
салтанат алдында бұл дүниенің ғарышта айланған
миллиардтаған, триллиондаған тозаңның біреуі ғана
екендігі. Таулар, жайлаулар, мұхиттар және адамзат
та бұл тозаңның ішінде. Міне, осы әлсіздігімен адам
баласы құлдығынан басқа тек қана өз ештігінен тұрады.
Яғни, құл болмаса ешқандай бағасы жоқ.
Мұхиттан бір тамшы ретінде берілген бұл мысалдар
Хаким
1
, Қадир, Қаййум, Раззақ Аллаһтың бар екендігін
мақұлдаудың қисынды қажеттілік екенін баяндайды.
Бірақ бұл ақиқатты көру үшін көзден гөрі парасаттың,
яғни көкірек көзінің ашық болуы керек. Аят кәримде
айтылады:
«Олар жер жүзінде кезіп жүрмейді ме? Сонда
болған нәрселерді түсінер жүректері, естір құлақтары
болар! Бірақ шыны сол, көздер ғана соқыр болмайды,
көкіректегі жүректер де соқыр болады».
(Хажж сүресі,
46-аят)
Өйткені көретін көздер үшін әлемдердің Раббысы
Аллаһ Тағаланың жерде де, көкте де Оған деген куәлік
көріністерінің қандай айқын және анық болғандығын
баяндау қажет емес.
Ұлы әулие Хазіреті Жүнейд Бағдади бір топ адамның
жанталасқан түрде, жарысып бір жаққа қарай жүгіріп
бара жатқандарын көреді де олардан сұрайды:
-Соншама, жанталасып қайда бара жатырсыңдар?
*
Хаким:
Үстем;
Қадир
: Құдіретті;
Қайум
: Тік тұрған, басқарып
тұрған; негізгі мағынасы - ешнәрсені көз алдынан жібермей үнемі
бақылайтын, мәңгі ұйықтамайтын, қалғымайтын;
Раззақ
: Ризық беруші.