Previous Page  60 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 298 Next Page
Page Background

60

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

антропоморфтік (Аллаһты бейнелеп, адам түрінде

көрсету) жол ұстанғандықтарынан дұрыс Уахданиәт

сеніміне ие емес.

Исламның сыртындағы басқа аспандық діндер алғаш

жіберілген кездерінде бәрі бірдей болғанымен кейіннен

істелген килігулермен негізгі ерекшеліктерінен өте

ұзақ бір мазмұнға апарылған. Бұлардың арасынан

әсіресе христиандықтағы бұрмалану өте қатты назар

аудартады. Бұл дінде бастапқыдаАллаһ бір деген негізге

құралатын сенім жүйесі милади бесінші ғасырдың

соңғы

кездеріндегі

қорқынышты

килігулердің

арқасында бұрмаланған және тәухидтің (бірлеу)

орнына «тәслис» делінген үштік сенім жүйесі жасанды

түрде тұрғызылған. Бірақ қазіргі кезде үнемі дамып

бара жатқан адам баласы қисыны жоқ бұл сенімді

қабылдамай, шіркеуден алыстауда. Сондықтан поптар

(монах) христиандықты қайтадан Уахданиәт сеніміне

көшіру үшін ғылыми зерттеулер бастатқандығы

айтылып жүр.

Аллаһ «Ахад». Бұл екіншісі болу ықтималы

болмайтын «бір» мағынасына келеді.

Сондықтан Аллаһтың өзіне тән Уахданиәтке, яғни

бір және тақ болуына деген иман екінші бір тәңірдің

болуына еш ықтималдылық қалдырмайтындай түрде

болуы керек. Ислам осыны сұрайды әрі бұйырады. Бұл

Исламға кірудегі бірінші қадам. Бұл қадамды лайықты

түрде басқандарға Аллаһ Тағаланың көптеген мейірім,

берекет, ілтипат және сыйлық есіктері ашылады.

Расында Білал Хабеши (Радиаллаһу анһу) соншама

ауыр әрі ешкім шыдай алмайтын азаптарға сабыр етіп,

мүшриктердің:

«Қайтадан пұтқа табын!» – деген ұсыныстарына

күшті бір иманмен тек қана:

«Ахад,Ахад,Ахад (Аллаһ бір, Аллаһ бір, Аллаһ бір)!