56
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Олар:
-Пәлен жерден бір ғалым келген екен! Аллаһ
Тағаланың бар және бір екендігін мың бір дәлелмен
түсіндіріпжатырекен!Соныңдәлелдеріментүсініктеме-
лерін тыңдауға асығып кетіп бара жатырмыз. Қаласаң,
сен де кел! – дейді.
Хазіреті Жүнейд оларға күлімдеп:
-Көретін көздер, еститін құлақтар және сезетін
жүректер үшін әлемде Аллаһқа деген сансыз куәлік
белгілері, дәлелдері бар. Аллаһ Тағаланың тіке өзі
туралы қаншама куәлігі бар. Ей, жамағат! Соған
қарамай аралараыңда шүбәсі болғандарға жол болсын!
Біздің көңілімізде күмәннің титтейі де жоқ.
Сондықтан бұл мәселені руханият ғалымдары былай
анықтайды:
«Аллаһ Тағала мүлде ғайб емес! Бірақ біздің адамдық
қабілетіміз бен түсінігіміз бойынша «көрінуінің
күштілігінің себебінен ғайб» делінсе болады.
Яғни, бір бөлмеде бес мың вольттық бір жарық
жанса, адамның көзіндегі күш осы жарықтың астында
ешнәрсені көре алмайды. Аллаһ Тағаланың көрінуі
де дәл осындай өте күшті болғандықтан адамзатта бар
күш пен қабілет бойынша Аллаһты ғайб деп білеміз.
Яғни, адамзаттың күш-қабілеті Хақ Тағаланы көруге
жете алмайды. Сондықтан Ол бір ғайб сияқты көздерге
көрінбейді. Аллаһ Тағаланың Мұса (алейһіссәләм)ға:
« – Мені мүлде көре алмайсың!» (Ағраф сүресі,143-
аят) деп айтқаны да осы себепті.
ҚЫДАМ: Барлықтың себеп-нәтиже қатынасына
байланыста болып, олардың бір алғашқы себептен
*
Қадим
: Ежелгі, әзәли.
*
Әууәл
: Әууәл бастағы,
Ахир
: ең соңғы;
Заһир
: көрінеді;
Батын
:
жасырын.