58
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
сияқты. Өйткені Аллаһ Тағала бұл сипатын, яғни
Бәқаны жалғыз өзіне ғана тән қылып, махлұқатын
фәнилікпен сипаттап, оларды уақытша қылған.
Сондықтан әулие құлдар, осы жалған дүниеден теріс
айналып, фәнәфиллаһ
1
және бәқа биллаһ
2
мәртебелеріне
жетуді зор дәулет деп біледі. Ол білгіш құлдар дүниенің
жалған ләззат және сыйларына алданбай «өлместен
бұрын өліңдерң хадисінің сырымен мәңгілік сана-
сезімінде қанат қағады.
`
УАХДАНИӘТ: Әлем жаратылғаннан бері жалғасып
келе жатқан сәйкесті ағым, ешбір уақыт тоқтамай,
бұзылмай келе жатқан тәртіп және әп нәрсенің
бойындағы шексіз хикмет және сыр барлық нәрсенің
жалғыз-ақ бір құдірет тарапынан жасалғанын баяндау
жәнетүсіндіруүшінжеткілікті.Егербұлқұдіретжалғыз
ғана болмай, көп болса, ерік-қалаулар арасындағы
айырмашылықтардың себебінен әлемдегі теңдесі жоқ
шексіз үйлесімділік, тәртіп және хикметтер бір-бірімен
шатасып, шырмаларлық қақтығыстар туғызар еді,
әрі өмір сүру мүмкіндігі қалмайтын еді. Аят кәримде
айтылады:
«
Аллаһ бұйырды: Екі тәңір бар деп қабылдамаңдар!
Олжалғыз бір-ақ тәңір. Ондай болса жалғыз менен ғана
қорқыңдар!»
(Нахл сүресі, 51-аят)
«(Ей, Пайғамбарым! Оларға) Айт: Егер айтқан-
дарыңдай Аллаһпен бірге басқа тәңірлер де болса,
онда ол тәңірлер Аршының
1
иесі Аллаһқа жетудің
шараларын іздейтін еді».
(Исра сүресі, 42-аят)
«Егер жер мен көкте Аллаһтан басқа тәңірлер болса,
онда жер мен көк (бұлардың тәртібі) сөзсіз бұзылып
*
Аршы:
Бүкіл әлемді, ғарышты қамтитын аймақ. Аллаһ Тағаланың
басқарып “отыратын” жері.