Previous Page  63 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 298 Next Page
Page Background

63

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

ұқсамайды. Сондықтан Ол әр-түрлі антропоморфтік

(адамдық) сипаттармен сипатталудан пәк.

Қазіргі кездегі мұхарреф (бұзылып бұрмаланған)

иләһи діндердің килігу жасалынған сенім жүйелері

ішіндегі ең көзге де, жанға да батары осы тақырып

төңірегінде болып отыр. Олар Аллаһ Тағаланың

мутәғал, яғни қиялдар мен түсініктер жете алмайтын

дәрежеде әр-түрлі адамдық сипаттарданпәк болуыдеген

ұлы және тура сенімнен қол үзіп, қиялдарына қарай

жазған кітаптарында Аллаһ Тағалаға талай адамдық

сипаттарды жарастырған. Тіпті Аллаһ Тағалаға

жарастырылған сол сипаттардың ішінде ұмыту, өкіну,

шаршау, байқамай қалу, аңдамай қалу сияқты бірталай

адамдық әлсіздіктер де кездеседі. Мысалы, олардың

сенімдері бойынша топан болуы үшін Аллаһ бұйрық

береді. Бірақ кейін ұмытып кетеді, бір қараса жер-көкті

су басып кеткен. Сонда ғана берген бұйрығы есіне түседі

және бүкіл махлұқат кемеге мінгеннен кейін кеменің

есігін жанталасып өзі бекітеді. Тағы солардың кітабына

қарағанда Хазіреті Яқұб Аллаһпен күрескен әрі Оны

жеңген. Ақыл мен қисынға жатпайтын бұл сөздермен

қатареврейлердіңҮзейрді,христиандардыңИсаны(ғ.с.)

Аллаһтың ұлы деп атауларына дейін ілгері кеткендері

баршаға белгілі. Міне, адам баласы өз қиялынан ойлап

шығарып алып кейін осы сенімді қабылдауы сияқты

адасушылыққа иләһи жауап ретінде Аллаһ Тағала

былай дейді:

«Олар Аллаһты лайықты түрде танып біле алмады.

Қиямет күні бүкіл жер беті Оның билігінде. Көк Оның

құдіретті қолымен бүктеледі. Ол мүшриктердің ортақ

қосуларынан пәк, әрі ұлы».

(Зүмәр сүресі, 67-аят)

«...Оған ұқсас ешбір нәрсе жоқ. Ол әр нәрсені естуші,

толық көруші

». (Шура сүресі, 11-аят)