Previous Page  62 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 298 Next Page
Page Background

62

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

сипаттары арқылы жалынуларын тәлім еткен.

Убада бин Самит (радиаллаһу анһу) айтады:

Расулұллаһ (с.а.у.) былай айтты:

«Кімтүнде оянса былай десін: Аллаһтан басқатәңір

жоқ, Ол біреу-ақ, әрі ортағыдажоқ.МүлікСоныкі, Хамд

(мадақ) та Оған ғана. Оның құдіреті барлық нәрсеге

жетеді. Мадақ Аллаһқа ғана, Аллаһ пәк, Аллаһ ұлы,

бүкіл амалдар мен ғибадаттар үшін қажетті күш пен

қуат Аллаһтан ғана.

Раббым! Мені ғапу ет десе немесе басқаша дұға етсе

дұғасына жауап беріледі. Егер дәрет алып намаз оқыса

қабыл етіледі»

.

1

Пайғамбар (с.а.у.) басқа бір хадисінде тағы былай

дейді:

«Кімнің Аллаһта немесе қандай да бір адамда

қажеті болса, алдымен жақсылап тұрып дәрет алсын.

Кейін екі рәкәғат намаз оқысын. Аллаһ Тағалаға мадақ

айтып, Пайғамбарына салауат айтсын, одан соң

былай дұға етсін:

«Халим, Кәрим Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ұлы

АршыныңРаббысы, кемшіліксипаттарданпәк.Мадақ,

ХамдәлемніңРаббысынағанатән.Аллаһым!Рахымыңа

жеткізетін амалдарды, кешіріміңді тартатын

себептерді мен үшін жаратуыңды сұраймын, әр-

түрлі күнәдан сақтауың үшін жалбарынамын; Әр

түрлі жақсылыққа б й болуды, әр түрлі күнәдан

сәлеметте болуды сұраймын. Раббым! Сен ғапу

етпеген ешбір күнәмді, әрі Сен басымнан алмайтын

ешбір қиыншылығымды қалдырма! Қай амалдан разы

болатын болсаң, маған соны бер! Уа, Рахим әрі маған ең

көп мейірім көрсеткен Раббым!».

2

МУХАЛӘФӘТУН ЛИЛХАУАДИС: Теңдесі және

ұқсасы жоқ, яғни жаратылғандардың ешбіреуіне