Previous Page  64 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 298 Next Page
Page Background

64

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

«Айт: Ол Аллаһ жалғыз. Мұқтаждығы жоқ,

мұңсыз. Тумаған да, туылмаған. Әрі Оған теңдес ешкім

болмаған».

(Ихлас сүресі, 4-аят)

Расулұллаһ (с.а.у.) бір адамның ықыласпен:

«Ей, Аллаһым! Жалғыз. Мұқтаждығы жоқ, мұңсыз.

Тумаған да, туылмаған. Әрі теңдесі болмаған Аллаһ

атымен сенен сұраймын. Күнәларымды ғапу ет, сен

Ғафурсың, Рахимсің!»- дегенін естіді де, былай айтты:

«Ол кешірілді. Ол кешірілді. Ол кешірілді!»

1

ҚИЯМ БИНӘФСИҺ: Аллаһ Тағала өз затымен бар.

Ол Қаййум, яғни езелден (ежелден) мәңгілікке дейін өз

затымен бар болып тұра беретін, үнемі және бар болған,

бар болуында да ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж

болмаған, болмайды. Керісінше, барлық нәрсе Оған

мұқтаж. Құран Кәрімде:

«Ей, адамзат! Барлықтарың Аллаһқа мұқтаж-

сыңдар. Ал Аллаһ Мұстағни (ешбір нәрсеге мұқтаж

емес) және мақтауға өте лайық».

(Фатыр сүресі, 15-

аят)

«Күмәнсіз Аллаһ бүкіл әлемнен Мұстағни»

,- деп

баяндалуда. (Ғанкәбут сүресі, 6-аят)

Осы иләһи баяндардың бір мағынасы Аллаһ

Тағаланың өз тіршілігі үшін ешқандай басқа ықпалға

мұқтаждығы жоқ екендігін жариялау. Сондықтан

қорытынды түрде «Аллаһ өздігінен бар» делінеді.

Егер құл Аллаһ Тағаланың ұлылығына тиісінше осы

сипаттытолық түсініп, кәмілмағынада иман келтірмесе

Аллаһ жайлы сенімі кем әрі үкімсіз болып қалады.

Өйткені бұл махлұқаттың сипаты болып табылатын,

кейіннен болған дегенмағына беретін «хадийс» сипатын

әр нәрсенің негізі әрі жаратушысы болған Аллаһ