Previous Page  57 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 298 Next Page
Page Background

57

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

бастауы да қисынды бір қажеттілік. Ал себеп дегеніміз

бар етілуге мұқтаж болудан пәк және керісінше бар

етуге, болдыруға күші жете алу керек. Міне, сол себеп

адамзат Аллаһ деп атайтын тәңір. Сондықтан Оның ұлы

барлығының бастауы жоқ. Әр нәрсенің басталуы Ол. Ол

қадим

1

және езели. Аят кәримде айтылады:

«Ол әуелі

2

, соңы, сырты мен іші...»

(Хадид сүресі, 3-

аят)

Расулұллаһ (с.а.у.) айтады:

«Бастапқыда Аллаһ бар еді, Одан бұрын басқа нәрсе

жоқ еді..»

.

3

Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) дұға еткенде жиі-жиі:

«Әууел сенсің, сенен бұрын ештеңе жоқ еді

Аллаһым...»

4

сөздерімен Хаққ Тағалаға жалынып,

үмбетіне де осылай үйрететін еді.

БӘҚА: Бар болуының соңы жоқ, мәңгі бақи. Құран

Кәрімде былай айтылады:

«... Одан басқа тәңір жоқ. Одан басқа барлық нәрсе

жоқ болады. Үкім Оныкі және сендер тек қана Оған

қайтарыласыңдар».

(Қасас сүресі, 88-аят)

«Жер бетіндегі әрбір жанды жоқ болады. Тек қана

ұлылық пен сый Иесі Раббыңның өзі ғана бақи, мәңгі

қалады».

(Рахман сүресі, 26-27 аяттар)

Бәқа сипатының бұл әлемде көрінісі жоқ. Сондықтан

дүниедегі әрбір нәрсе уақытша қолданылатын мүлік

*

Фена филлаһ: Сопылық жолындағы бір мәртебе. Бұл мәртебеде

құл Аллаһтың нұрында жоғалғандай, Аллаһтың құлы екендігін

үзіліссіз есінен шығармайды.

**

Бека биллаһ: Бұл да сопылықтың ең жоғарғы мәртебесі. Бұл

мәртебеде құл Аллаһқа деген махаббат әрі құлшылықпен мәңгілік

шербетін рухани әлемде ішкендей болады.