53
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бұлағы қылып қойған.
Былайша:
Бір хайуан түрін қатыстырайық. Хайуанның бір
түрінен өмірге келген және келетіндерінің барлығы
дүниеге бір сәтте жіберілсе, дүние олардың мекен
тұтуына жеткілікті келмес, азық-түлік те оларға
жетпес еді. Бірақ Аллаһ Тағала оларды заман сырымен
жер шарындағысынан да көп және кең түрде жайып
бір тізбек заңымен жаратуда. Бүкіл махлұқат үшін бұл
бірдей. Сонымен жер беті заман және мекен сырымен
кәдімгі көлемінентриллиондағанесе артықжәндіктерге
мекен бола білуде.
Яғни, махлұқаттың әлеміміздегі орын алуы да
белгілі бір деңгеймен шектелген. Мысалы, бір шынар
ағашының жыл сайын миллиондаған дән(тұқым) өсіре-
тініжәнебұлардыңжан-жаққатаралуыүшінмамықтың
парашут сияқты жел арқылы алыс жерлерге алып
баратыны белгілі ақиқат. Егер бір шынар ағашынан
ғана шыққан дәндердің әрбіреуі жаңа бір шынар болу
мүмкіндігіне ие болса, қысқа бір мерзімде дүниедегі
өсімдіктердің өсуіне ыңғайлы жердің бәрінде шынар
ағаштарықаптап алар еді. Яғни, үлкен дүние текшынар
ағашының өзіне ғана тар келер еді. Шынында, бұл
жағдай әлемде оңайшылықпен ақыл, сыр жетпейтін бір
сәйкестіктің және деңгейдің барлығын көрсетеді.
Сонымен қатар Аллаһ Тағала бүкіл махлұқатқа
ерекшеліктер бергені соншалықты, ұқсас азықтармен
қоректенетіндер де бір-бірінен бөлек өнімдершығарады.
Сондай-ақ олар өмірді бүтінімен мүмкін қылатын түрде
бір-бірін толықтыруда. Мысалы, жасыл тұт жапырағын
сиыр немесе қой жеп, одан ет, сүт және жүн өндірсе,
кіп-кішкентай бір жібек құрты сол жапырақтан
жібек шығаруда. Сол жапырақты бұғы жесе одан
әтір жасайды. Араның тозаңнан бал жасай алуы
әлемдегі жаратылғандардың ең кәмілі деген адамның