49
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бар. Сол қателерінің себебінен Ислам оларды құптап,
қабылдамайды. Өйткені олардағы сенім жүйесі әлемнің
жалғыз жаратушысы Аллаһтың кемшілік сипаттардан
пәк, кәміл сипаттарға ие, «Мутәғәл» яғни ақыл жетпес
кәмілдікте болуымен сәйкеспейді. Сондықтан Ислам
Аллаһ туралы дұрыс сенім мазмұнын үйрету үшін
Оның және пайғамбарының баяндарына байланысты
бірнеше сипаттар белгілеп, бұл сипаттардан әрқандай
біреуінің кемітілуін немесе бұлармен сәйкеспейтін
басқа сипаттың қосылуын қабылдамайды. Бұл сипаттар
жалпылай алғанда екіге бөлінеді:
а. Зати (заттық) сипаттар
ә. Субути (тұрақты) сипаттар
Сифат сәлбиә деп те аталатын зати сипаттар
мыналар:
УЖУД: Аллаһ Тағала бар және бар болуына ешбір
нәрсегемұқтажемес. СондықтанОныуажибул-ужуддеп
те айтылады. Яғни, Оның бар болуы уәжіп және болмау
ықтималы жоқ. Ал Одан басқа бүкіл барлық нәрсе –
Аллаһ жаратқан махлұқат және мүмкинул-ужуд болып
келеді. Яғни, бар болулары уәжіп емес. Олар тек Аллаһ
жаратқандығы үшін бар. Аят кәримде айтылады:
АРАПШАСЫ
«Ол Аллаһтан басқа тәңір жоқ; Ол тірі, әр нәрсені
толық басқарып тұр. Ол қалғымайды да ұйықтамайды.
Көктердегі және жердегілердің барлығыОның иелігі..».
(Бақара сүресі сүресі, 255-аят)
Осышетсіз дешексіз әлемде ақылдардытаңқалдырар
тәртіп және сәйкестіктің барлығы айқын шындық. Бұл
тәртіп пен сәйкестік шексіз дәрежеде кәміл, қылдан
жіңішке және мүлтіксіз есеппен еш шатаспай әлем
жаратылғаннан бері жалғасуда. Мысалы, егер дүниенің
осінде 23,5 градустық қиғаштық болмаса маусымдар