45
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
АРАПШАСЫ
деп куәлік беру және Аллаһқа құл болуға бөгет
болатын қандай нәрсе болса да барлығынан пұт деп теріс
айналуды үйрету».
1
Расында нәпсілерді ағартуға және жүректерді
тазартуға құлшынатын сопылардың негізгі міндеттері
осы хадистің мағынасы, сыры бойынша қызмет істеу.
Төмендегі аят кәримә Аллаһ Тағаланың жүректе пайда
болған пұттарға деген ашуын білдіреді:
«Ей, Пайғамбар! Нәпсілерінің әуесін тәңірге
балағандарды көрдің бе?»
(Жасия сүресі, 23-аят)
Түрлі аяттарда баяндалғанындай пайғамбарлардың
міндеттерінің біреуі – адамзаттың көңіл әлемдерін
ағартыпкәмілтүрдетәухидтіңтереңдіктеріненнесібесін
ала білулеріне жол көрсету.
Шәһәдәт, яғни куәлік сөзі бөлек бір иләһи сырлар
мен хикметтер қазынасы. Сондықт н жер, көк, бүкіл
махлұқат, періштелер және шын білім иелері кәлимәи
тәухидті және Шәһәдәт кәлимасын, яғни Аллаһтың бар
және бір екендігін бекіту және айту үстінде. Олардан
басқа тағы да олардан бұл бекіту және айтуды талап
еткен Аллаһ Тағаланың өзі де куәлік беруде. Аят
кәримде айтылады:
«Аллаһ осы шындықтарға куәлік береді: Ешбір
тәңір жоқ тек қана Ол бар. Бүкіл періштелер және білім
иелері де тұп-тура осы жөнінде куәгер: Ешбір тәңір жоқ
тек қана әзиз және үстем - Ол ғана бар».
(Әли Имран,
18-аят)
Шәһәдәт кәлимасы деп аталатын куәлік сөзінде төрт
негіз бар:
1. Исбату затиллаһ (Аллаһтың жалғыз өзінің бар