Previous Page  40 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 298 Next Page
Page Background

40

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

теріс жолдарды, ертегілерді жойып, әр түрлі адасулар

мен қараңғы ұсыныстарды қолданыстан шығарып, тек

қана хақ, ақиқат, жақсы мінез-құлық, тыныштық,

ерекшелік және әділетке қызықтыру және бұларды

адамзатқа жайып таратумен адамзатты сәлемет және

бақытқа кенелтуге дайындап, ой мен Ождандар

1

аңсаған шындықтарға жеткізеді.

Адам баласы өз қасиеті мен бағасын тек Исламнан

ғана таба алады. Аллаһ Тағаланың:

«Рухымнан үрледім!.» – деп айтқан сырларға толы

баянындағы баға жетпес таза өзегіне қайта оралады.

Жаратылғандардың арасында ең ұлы табиғатына және

көркемділігінетекИсламарқылыжетеді.Көңілайнасын

жарқыратады. Жанды Жаратқанға қауыштыратын

жаратылыс сырынан несібесін алады. Ғылым, ұлы

мінез-құлық, мархабат, қайырымдылық, кешірімділік

сияқты Аллаһтың жамал сипаттарымен Ислам, мүмин

көңілдерді әшекейлейді.

Ислам дінінің бақыттылық кілті иман мен ізгі

амалдардан тұрады. Сондықтан салиқалы мүминдер

ақылын Хаққа яғни Аллаһқа, жүрегін қайырға,

мүшелерін жақсы және пайдалы істерге арнап, ізгі

амалға толы ғұмыр сүреді.

Қысқасы,Ислам–әрдеңгейдегіадамдарүшіндүниені

рухани жұмаққа айналдыратын және өлімді ұлы

қауышуға, ал қайтадан тірілуді мереке және мәңгілік

бақыт таңына айналдыратын ғажайып құбылыс.

Құдайым! Екі дүниемізді де Исламмен әзиз қыла көр!

Біздерді сол ұлы нұрыңнан мақрұм етпе! Жанымызды

мұсылман күйінде ал және біздерді тақуалы, салиқалы

құлдарыңның арасына қоса гөр!..

Әмин!

1. Қазіргі кездегі ең ескі Тәурат нұсқасы 900-ші