37
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
адамзатқа сыйланған халифатуллаһ сырын сақтай
білуде.
Исламды
күнделікті
тірлік-тіршілігімізге
араластырумен қатар рухани болмысымызға енгізу
де маңызды болғандықтан Аллаһ Тағала Исламның
негізін және бұл негізге байланысты жанды тұстарын
Елшісі арқылы үмбетке қайта-қайта білдіреді. Мұның
мақсаты – Ислам мен иманның негізгі құрамымен тура
үйретіліп, берік түрде орындалуы. Расында, осы ақиқат
айналасында баяндалған және Жәбірейіл хадисі деген
атпен мәшһүр болған нақыл Хз Омардан былай келеді:
«Мен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қасында отыр
едім. Сол кезде киімі аппақ, шашы қап-қара бір адам
кіріп келді. Тұла бойында ешқандай жолаушылық
белгісі жоқ еді. Әрі арамыздан оны ешкім танымайды
екен. Келіп тізесін Пайғамбардың (с.а.у.) тізесіне
тигізіп, алдына отырды. Қолын тізесіне құрметпен
қойғаннан кейін сұрай бастады:
- Ей, Мұхаммед (с.а.у.)! Ислам деген не?
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деді:
- Ислам - Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және
Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік
беруің, намаз оқуың, зекет беруің, Рамазан оразасын
ұстауың, шама-шарқың жетсе Аллаһтың Бәйтіне
қажылыққа баруың».
Бөтен адам:
-Дұрыс айттың! – деп растады.
Біз біржағынан сұрап, біржағынанберілгенжауапты
растауына таң қалдық.
Сонан соң қайта сұрады:
- Маған иман жайлы мәлімет бер!
Хазреті Пайғамбар (с.а.у.) былай жауап берді: